Энергия тиімділігін арттыруға 300 млрд теңге инвестицияланды
Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді іске асыру үшін Қазақстан Үкіметі энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы нысаналы саясатты әзірлеп, іске асыруда.
Елдің «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамада жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын 2030 жылға қарай кемінде 25% — ға және 2050 жылға қарай 2 есе азайту жөніндегі мақсаттар айқындалған. 2012 жылы «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» заң қабылданды, оның ішінде толық нормативтік құқықтық база құрылды.
Бұл саладағы ұлттық оператор «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ. Негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында елімізде энергия үнемдеу жүйесінің екі негізгі элементі саналатын мемлекеттік энергетикалық тізілім және энергия тиімділігі картасы құрылып, белсенді жұмыс істеуде. 2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік энергетикалық тізілімде 21 516 субъектісін құрады. Оның ішінде энергия тұтыну құрылымы бойынша ең үлкен үлес энергетика (48%), өңдеу (21%) және тау-кен өндіру өнеркәсібі (19%) салаларына тиесілі екенін атап өткен жөн.
Бүгінгі таңда МЭТ субъектілері 1,5 мыңнан астам энергия аудитін жүргізді, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға шамамен 300 млрд теңге инвестицияланды. Іске асыру нәтижесінде 78 млрд теңге үнемделді.
2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығы 33% — ға төмендеді. Бұл көрсеткіш 2008 жылдан бастап 2019 жылға дейін төмендеп келеді. Төмендегеніне қарамастан, Қазақстанның ЖІӨ энергия сыйымдылығының көрсеткіші басқа елдермен салыстырғанда әлі де жоғары деңгейде қалып отыр. Ішкі нарықтағы қолжетімді және арзан отын мен электр энергиясы Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің жоғары энергия сыйымдылығының басты объективті себебі және энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттырудың басты кедергісі болып табылады.
Сондай-ақ, Қазақстанда ағымдағы жылы 21,7 млн АҚШ доллары сомасына «энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жобаны» табысты іске асыруды аяқтайтынын атап өткен жөн. Жобаны іске асыру барысында 2015 жылдан бастап энергияны үнемдеу және ілеспе әлеуметтік пайданы көрсету мақсатында мектептер, балабақшалар, ауруханалар, сондай-ақ көшені жарықтандыру сияқты әлеуметтік саланың 97 объектісі жаңғыртылды. Соның нәтижесінде әрбір объект бойынша энергия ресурстарын 40%-ға дейін үнемдеуге қол жеткізілді, екі мыңнан астам жұмыс орындары құрылды, тауарлар мен жұмыстардағы жергілікті қамту үлесі 85% — ды құрады.
Энергия үнемдеу саясатын іске асырудың екінші маңызды құралы энергия тиімділігі картасы. Бүгінгі таңда энергия тиімділігі картасы аясында 92,4 млрд теңге инвестиция сомасына энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында 181 жоба сәтті іске асырылды және/немесе іске асырылуда.
Айта кету керек, Қазақстанның 87 қаласында 638 904-тен астам жарық нүктелері орнатылған (оның ішінде 13 қала толығымен жарықдиодты жарықта). Егер біз осындай шараларды енгізуді жалғастыратын болсақ, онда іс жүзінде энергия ресурстарын ғана емес, бюджет қаражатын да үнемдеуге болады.
Биыл Парламент Мәжілісінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында реттеудің жаңа тәсілдерін енгізуді көздейтін заң жобасы қаралуда.
Заң жобасы шеңберіндегі негізгі реформа бюджет секторын реттеуді күшейту, энергия аудиті саласында жаңа тәсілдерді енгізу, бармай-ақ профилактикалық бақылауды енгізу, энергия үнемдеу саясатын іске асыруда жергілікті атқарушы органдардың рөлін арттыру болып табылады.
Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Дүниежүзілік Банк, DENA, БҰҰДБ және т. б. қолданыстағы стратегиялық серіктестермен бірлескен жобаларды іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда.