Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:46, 14 Наурыз 2022

Энергия үнемдеу бойынша қандай бастамалар іске асуда?

None
None

Бүгінгі таңда республика бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша Жол картасы әзірленді.

«Электр энергетикасын  дамыту және энергия үнемдеу институты» баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жол картасы энергетика, өнеркәсіп, бюджет секторы мен ғимараттар, көлік секторларының, сондай-ақ әрбір облыс үшін нақты қол жеткізілетін көрсеткіші бар өңірлердің сын-қатерлерін ескере отырып әзірленген.

Бұған қоса, БҰҰДБ-мен бірлесіп, екінші деңгейдегі банктер энергия үнемдеу жөніндегі жобаларды қаржыландыру үшін компанияларға беретін кредиттерге кепілдік беруге бағытталған (қарыз сомасының 80% — на дейін) байланысты грантты іске қосу бойынша жұмыс басталмақ.

Қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес қазіргі заманғы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жүйесін енгізудің белсенді процесі жүзеге асады.

Барлық механизмдер мен іс-әрекеттер «жасыл экономиканы» белсенді бастауға және ілгерілетуге мүмкіндік береді. Бұл бағытта Қазақстанның әлеуеті жоғары.

Осы ретте, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу туралы тапсырма берді.

Осы мәселенің шешімін іс жүзінде жүзеге асыру үшін шаралар қабылдауға кешенді тәсіл қолданылмақ. Ол өскелең ұрпақтың энергия үнемдейтін өмір салтына орнықты уәждеменің мәдени қалыптасуын, энергия ресурстарын үнемді жұмсау проблемасын түсінуді, халықтың энергия үнемдеу дағдыларын қалыптастыруды, сондай-ақ тұрғын үйлерді, өнеркәсіптік кәсіпорындарды, әлеуметтік сала субъектілерін және т.б энергия модернизациялауды қамтуы тиіс.

Бүгінгі таңда елімізде энергия үнемдеу, энергия тиімділігін арттыру, ЖЭК дамыту, экономиканы декарбонизациялау бойынша үлкен жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде жаңа қуаттарды, жаңа генерацияны іске қосу қажет, ол өз кезегінде энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осы ретте «Жасыл Қазақстан» — еліміздегі экологиялық ахуалды жақсартуға арналған қолданыстағы ұлттық жоба. Жобаның 7 негізгі бағытының бірі-елдің ЖІӨ энергия сыйымдылығын төмендету.

Осыған байланысты бюджеттік ұйымдарда энергия тұтынуды азайту, өнеркәсіптік кәсіпорындарда, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіп салаларында энергия тиімділігін арттыру бойынша міндет қойылды.

Тегтер: