Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:31, 31 Наурыз 2025

ЕО қаржысын жымқырған Марин Ле Пенге қатысты сот үкімі шығарылды

1
Фото: из открытых источников

 Францияның Париж қаласында өткен сот отырысында Францияның «Ұлттық бірігу» партиясының парламенттік фракциясының жетекшісі Марин Ле Пенге қатысты үкім шығарылды. Ол Еуропарламенттің қаржыларын жымқыру ісі бойынша кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды, оның ішінде екі жыл шартты түрде, ал екі жылын электронды білезікпен өтеу міндеті жүктелді.

Француздық бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Марин Ле Пенге ғана емес, осы іске қатысты басқа да тұлғаларға үкім шығарылды. Сотта Марин Ле Пен мен сегіз еуродепутат, сондай-ақ олардың 12 көмекшісі қаржылық қылмыс жасады деп танылды. Олардың барлығы да қылмысты жасырумен айналысқан деп айыпталды.

Сот шешіміне сәйкес, Марин Ле Пен бес жыл бойы мемлекеттік билік органдарына сайлануға құқылы болмайды. Бұл үкім оның 2027 жылы өтетін Франция президентінің сайлауында қатысуына мүмкіндік бермейді.

Айта кетейік, Марин Ле Пен Францияның саяси өмірінде маңызды тұлға ретінде танылып, бірнеше рет президенттік сайлауларға қатысқан болатын. Алайда, осы сот үкімі оның саяси мансабына елеулі әсер етуі мүмкін, себебі ол алдағы уақытта мемлекеттік қызметтерге сайлану құқығынан айырылды.

Тегтер: