Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:47

ЕО: Польша әуе кеңістігінің бұзылуы әдейі жасалған болуы мүмкін

Кая Каллас
Фото: ашық дереккөз

Еуропа одағы Ресей дрондарының Польша әуе кеңістігіне басып кіруін әдейі жасалған әрекет болуы ықтимал деп бағалап отыр.

Бұл туралы ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі жоғары өкілі Кая Каллас Bluesky әлеуметтік желісінде жазды.

«Бұл қателік емес, әдейі жасалғанына дәлелдер бар», — деді Каллас. Оның сөзінше, Мәскеудің әрекеттері соғыстың ушығып бара жатқанын көрсетеді.

«Біз Ресей үшін бағаны көтеруіміз, Украинаны қолдауды күшейтуіміз және Еуропа қорғанысына көбірек инвестиция салуымыз қажет», — деп қосты ол.

1

Польша премьер-министрі Дональд Туск те мәлімдеме жасап, атып түсірілген дрондардың Ресейден ұшырылғанын айтты.

«Польша әуе кеңістігіне Ресейдің көп санды дроны кірді. Тікелей қауіп төндіргендері атып түсірілді», — деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.

Бұл оқиға НАТО тарихында алғаш рет Польша аумағында ресейлік дрондардың жойылуы ретінде тіркелді.