ЕО Ресейден алюминий импортына тыйым салуы мүмкін
Мәскеуге қарсы санкциялардың 16-шы пакеті ресейлік алюминийді ЕО-ға әкелуге толық тыйым салуды қамтуы мүмкін. Одақ елдерімен келіссөздер қазірдің өзінде басталып кетті.
Олардың айтуынша, ЕО «алдағы санкцияларды талқылау үшін ЕО елдерімен бейресми кездесулер өткізген». Дипломаттардың бірі бастапқы алюминийді әкелуге тыйым салу «кезеңімен енгізіледі» деп қосты.
Еуропалық комиссия Мәскеуге қарсы жазалау шараларының жаңа пакетін 24 ақпанда, Ресей Федерациясының Украинаға толыққанды басып кіруінің үш жылдығында қабылдауды жоспарлап отыр. 2024 жылдың соңында Еуроодақтың 10 елі Ресеймен экономикалық ынтымақтастыққа, атап айтқанда металдар саудасына қосымша шектеулер енгізуді ұсынған.
Ұлыбритания мен АҚШ 2024 жылы Ресейде өндірілген металдарды импорттауға тыйым салды. ЕО өз кезегінде тек алюминий сымын, фольга мен кейбір құбырларды жеткізуге тыйым салды, ал Брюссельде бір жыл бұрын бастапқы алюминийден толық бас тарту екіталай деп саналды.