11:25, 11 Шілде 2022
Эпидахуал: Алматы «қызыл» аймаққа жақындап қалды
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК 11 шілдедегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
Белгілі болғандай, Алматы әлі де «сары» аймақта тұрғанымен, біртіндеп «қызыл» аймаққа жақындап қалды.
Ал Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары «жасыл» аймақта тұр.
