Эпидахуалға қатысты жаңа қаулы шықты
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК шектеулерді алып тастау бойынша бірқатар шешім қабылдады, — деп хабарлайды «Жас Алаш».
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешім қабылдады:
Бірінші. Эпидемиологиялық тәуекелдің «сары» және «жасыл» аймақтарында орналасқан өңірлердегі барлық объектілерде:- Ashyq мобильді қосымшасын міндетті түрде қолдану;- әлеуметтік қашықтықты сақтауға қойылатын талаптар;- міндетті термометрия.