Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:31

Эпштейн архивтерін алты құпия қоймада жасырған – БАҚ

 Эпштейн
Фото: ашық дереккөз

Құпия қоймаларда сақталған архивтің кейінгі тағдыры белгісіз. Бұл Эпштейн ісі бойынша бұрын зерттелмеген материалдардың болуы мүмкін деген болжамды күшейтеді.

Қаржыгер, адам саудасы бойынша айыпталған Джеффри Эпштейн АҚШ аумағында алты қойманы жалға алып, өзінің жеке архивін құқық қорғау органдарынан жасырған. Бұл туралы британдық The Telegraph басылымы жазды.

Газет қолына түскен құжаттарға сүйенсек, Эпштейн Флорида штатындағы үйінен және Кариб теңізіндегі жеке аралынан компьютерлер мен басқа да материалдарды әкету үшін жеке детективтерді жалдаған. Болжам бойынша, ол бұл деректерді тергеушілерден жасыруға тырысқан.

Мәліметтерге қарағанда, Эпштейн Флоридада кемінде 2003 жылдан бастап қоймалардың бірін жалға алған және 2019 жылы түрмеде қайтыс болғанға дейін жалдау ақысын тұрақты төлеп отырған.

Сондай-ақ 2000-жылдардың ортасында қаржыгер тінту болатынын білгеннен кейін архивін Нью-Йорктегі құпия қоймаға көшіру үшін детективтерге ондаған мың доллар төлегені айтылады.

Алайда тергеушілер бұл нысандарда ешқашан тінту жүргізбеген. The Telegraph басылымының жазуынша, бұл жайт Эпштейн ісіне қатысты бұрын қарастырылмаған материалдар болуы мүмкін деген күдікті арттырады.

Құпия қоймаларда сақталған архивтің қазіргі тағдыры әзірге белгісіз күйінде қалып отыр.

Тегтер: