09:46, 26 Қараша 2025
Эпштейн хаттарында Рахат Әлиев АҚШ-тан қауіпсіз көшу мен $2 млрд қайтаруға көмек сұраған
Жақында жарияланған Джеффри Эпштейннің хаттарына қарағанда, Рахат Әлиев түрлі кезеңдерде АҚШ-тен қауіпсіз елге кіруге, сондай-ақ туыстары жоғалтты деп есептеген $2 млрд активті қайтаруға қолдау сұраған.
Обама әкімшілігі араласпауды жөн көрген.
Сол кездегі АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Ричард Хоагланд құпия жеделхаттарында Әлиев те, Қазақстан билігі де Вашингтонды өз мүддесіне пайдалануға тырысып жатқанын ескерткен.
Хат алмасуларға қарағанда, Конгресстің ресми жазбаларында (Congressional Record) Қазақстандағы жағдайға қатысты бірнеше мәлімдеме жарияланған. Олардың бір бөлігі Әлиевті «саяси қудалаудың құрбаны» ретінде көрсеткен.