Эпштейн ісі: қазақстандық шенеуніктердің қатысы әлі тексеріліп жатыр
Бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегенов мәлім еткендей, қазіргі таңда шамамен 3 миллионға жуық хабарлама зерттеліп жатыр.
Оның айтуынша, қазақстандық шенеуніктердің бұл іске қатысы бар-жоғы бойынша тексеріс әлі де жалғасып жатыр. Қорытынды нәтижелер барлық материал толық сараланғаннан кейін жарияланады.
«Ақпарат көлемінің көптігіне байланысты тексеру уақыт алады. Барлық дерек жан-жақты қаралып, мұқият қайта тексеріледі», - деді ол.
Еске салсақ, бұған дейін депутат Асхат Рахымжанов Бас прокуратурадан қазақстандық саясаткерлердің аталған іске қатысын тексеруді талап еткен. Ол мысал ретінде Кәрім Мәсімов пен Қайрат Келімбетов есімдерін атаған.
Айта кетейік, Джеффри Эпштейн АҚШ-та кәмелетке толмағандарды жыныстық қанаумен байланысты халықаралық желі құрды деген айыппен танымал.