Ералы Тоғжанов елордадағы медицина мекемелерінде Президент тапсырмаларының іске асырылу барысын тексерді

БүгінҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов елордадағы медициналықмекемелерге барып, ҚР Президентінің нұсқаулары мен Коронавирус инфекциясыныңтаралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдерініңорындалу барысын тексерді.
Премьер-Министрдіңорынбасары барған алғашқы нысан амбулаторлық-емханалық және стационардыалмастыратын көмек көрсететін, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем шақыртуларынақызмет көрсететін №9 қалалық емхана болды. Бүгінгі таңда емханада 95 мыңтұрғынға қызмет көрсетіледі.
Пандемиякезінде емханада фильтр-кабинеттер мен провизорлық бөлім ұйымдастырылды, бұлжерлерде ПТР-зерттеу үшін биоматериал алынып, сондай-ақ қажетті емтағайындалады.
Соныменқоса, Ведомствоаралық комиссия басшысы Damumed мобильді қосымшасы арқылы іскеқосылған пациенттерді тегін онлайн-қабылдаудың жұмысымен танысты. Қазіргі кезде19 ұйым осы қызметке қосылған. Болашақта Нұр-Сұлтан қаласындағы 31 медицинаұйымы онлайн-консультациялар жүргізетін болады.
Бұданөзге, емханада жедел жәрдемге түсетін жүктемені жою мақсатында бес мобильдібригада ұйымдастырылған. Бұл мобильді топтар COVID-19 және пневмонияменсырқаттануға күмәнді науқастарға үйде қызмет көрсетеді, дәрігерлер тексеріп,ПТР-зерттеуден өткізу үшін биоматериал алынады және қажетті емтағайындалады.
Соныменқатар, Е. Тоғжанов жедел медициналық жәрдем қалалық станциясына барды. 2016жылдан бері станцияда кепілдендірілген тегін медициналық қызмет көлемі аясындаауруханаға дейінгі шұғыл медициналық көмек көрсетіледі. Қазіргі кезде мұнда 1414 медицина қызметкері жұмыс істейді, 80 бригада мен 124 автокөлік құралыбар.
Айтакетейік, бүгінгі таңда жедел жәрдем көмегіне жүгінетіндердің санының азайғаныбайқалып отыр. Егер 22 маусымда оған тәулігіне 4,3 мың адам жүгінсе, 16 шілдеде1,9 мың адам жүгінген. Оның ішінде КВИ бойынша жүгіну саны тәулігіне 500-ден254-ке дейін төмендеген. Жедел жәрдемді шақыртулар саны тәулігіне 3 мыңнан 1,3мыңға дейін қысқарған.
Премьер-Министрдіңорынбасары Е. Тоғжанов бұдан басқа №2 қалалық көпсалалы аурухананың жұмысыментанысты, бұл аурухана пациенттерді барлық бейін бойынша қабылдайтын бірден-біремхана болып отыр. Аурухана жедел медициналық көмек бойынша да, адамдардыңөздігінен жүгінуі бойынша да тәулік бойғы режимде пациенттерді қабылдаудықамтамасыз етеді. Тәулік ішінде орта есеппен 300-ге жуық пациент мұнда жүгінеді— 200 адам жедел медициналық жәрдем бойынша, 100 адам өздігінен жүгіну жәнеемханалардан бағытталуы бойынша.
Соныменқатар ауруханада коронавирус инфекциясымен ауырғандарға арналған 30 инфекциялықтөсек-орын, сондай-ақ жансақтау бөлімінде қажетті медициналық жабдықтармен,оның ішінде ӨЖЖ аппараттарымен жарақталған 9 төсек-орын бар.
Нұр-Сұлтанқаласындағы №2 көпсалалы аурухананың мамандарының штаты 1700-ден аса жоғарыбілікті қызметкерді қамтиды, оның ішінде 500 — дәрігер. Аурухананың 200-ден асақызметкері ауырған, оның ішінде 150 адам сауығып, жұмысына оралған.
Медицинақызметкерлерімен кездесу кезінде Е. Тоғжанов медицина саласының барлыққызметкерлеріне алғыс білдіріп, олардың күнделікті ерен еңбегін атап өтті жәнеоларды бүгінгі күннің қаһармандары деп атады.
Соныменқоса, Премьер-Министрдің орынбасарымен әңгімелесу кезінде дәрігерлерәріптестерінің атынан медицина қызметкерлеріне үстеме ақы төлеуге қатыстыалаңдаушылықтарын білдірді, бұл мәселе бойынша Е. Тоғжанов медицинақызметкерлеріне барлық қажетті төлемдер толық көлемде аударылатынынасендірді.
Соныменқатар, медицина мекемелерін дәрілік препараттармен одан әрі қамтамасыз етумәселесі талқыланды. Бүгінгі таңда медицина мекемелері дәрілік заттармен 100%қамтамасыз етілген. Ведомствоаралық комиссияның басшысы Денсаулық сақтауминистрлігі мен «СК-Фармация» ЖШС-ға еліміздің барлық медицина мекемелеріндедәрілік препараттардың айлық қорын қамтамасыз етуді тапсырды.
Елордадағыстационарлардың жүктемеленуі өткен аймен салыстырғанда салыстырғанда 34%-ғатөмендегенін атап өткен жөн, сондай-ақ төсек-орындар саны 2 705 бірліккеартқан.