Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:29, 15 Желтоқсан 2019

Ербол Сыпатаев туралы деректер қалай табылды?

Желтоқсан айы қалай туады, солай бізді қолпаштап шақырушыларкөбейеді. Әкімдігі бар, қоғамдық ұйымдары бар, мектеп, колледж, университеттенсоғылған қоңырауларда тыным жоқ.

«Желтоқсан көтерілісі туралы айтыпберіңізші...» дейді баяғы. Бұрын шақырған жерге барды-жоқтымызды киіп, қалмай бараберуші едім. Соңғы бір-екі екі жылдың көлемінде тізгінді тартыңқырадым. Себебі,сол бір келкі сүреңсіз кездесулер (сахнадағы жаттанды тақпақтар, қарабайыр көріністер, көсіліп сөйлейтін «батырлар») әбден жалықтырды. Арнайышақырған соң, кейде сен де барып қосылып, бірдеңе деп сөйлейсің. Өзің білетін ақиқатты жеткізгіңкеледі. Бірақ, өкініштісі, жан-жүрегіңмен айтқан тебіреністі лебізің мен ұсыныс-пікірлеріңсол жерде қалады...

Өйткені, Желтоқсан ақиқатының ешкімге қажеті жоқ. Желтоқсан – Айдың арғы бетіндегі құпиялар секілді, әлікүнге дейін ашылмаған жұмбақ тақырып. Оны ашу қауіпті! Қоғам үшін емес. Ел басқарыпотырған лауазымдылар үшін. Сондықтан,әлгі жиын өткізушілер отыз неше жыл бойы қойылып келе жатқан қарабайыр «сценарийден»ауытқымауға тырысады. Сахнада «Әр ұлтқа өз көсемі» дегенсияқты плакат ұстап, ұрандатқан оқушылар, жастар жүреді. Оныңар жағында сапер күрегі мен дойыр шоқпарын көтеріп, жалаңдаған«әскерлер» тұрады. Ию-қию айқай. Жүгіріс. Соңында «Атаңа нәлет, Горбачев! Тартқолыңды, Мәскеу!» деген сияқты жалпылама айыптаумен қойылым бітеді. Бүгін де солөрескелдік балабақшаға да жетіпті. «Долой, Колбин!» деп, сүрініп-қабынып жүргенсәбилердің қылығына не күлеріңді, не жыларыңды білмейсің.

Мұның екінші қыры тағы бар – аумақтардағы ішкісаясат, білім, жастар басқармалары «патриоттық тәрбиеге» бөлінген қаржыны игерукерек болған соң, одан «қоректенетін» қоғамдық бірлестіктер жоспардағы дүниеніқалай да өткізуге мүдделі. Олар мұның ең оңай жолын тауып алған – колледж,мектеп, кітапханалармен келісіп, алқа-қотан көпшілікті жинап, бейнекамераға,суретке түсіріп, жоғары жаққа есеп берсе болды. Оның мазмұны ешкімді қызықтырғанемес. Соның салдарынан, патриоттық тақырыптағы барлық іс-шаралар сүреңсіз бірізбен өтіп жатады. «Қасқыр да тоқ, қой да аман». Ал, кештің не туралы өткенін түйсінбегеншәкірттер әлгі көргендерін шыға бере ұмытады.

Осындай белгілі себеппен, мұндай кездесулергебарудан саналы түрде бас тартқанбыз. Бірақ, мына бір шақырудан қалыс қалуғадәтім бармады. Кезінде Желтоқсанның құрбаны болған Ербол Сыпатаев оқыған Энергетика институтының (бүгіндеАлматыэнергетика және байланыс университеті) ұстаздары хабарласқанда, ұсынысты бірденқабыл алдым. Себебі, 1986 жылғы Желтоқсан ақиқаты туралы жазылған «Желтоқсан жаңғырықтары»,«Жаппай жазалау. Сот» атты мақалаларымда аты аталған, сол үшін өзім әуре-сарсаңғатүскен кейіпкерімнің бірі – Ербол Сыпатаевты еске алмау мүмкін емес еді.

Кездесуді алты мыңға жуық студенті бар үлкен университеттіңӘлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымының кандидаты, доцентБолат Қабдөшев, осы кафедраның профессоры,техника ғылымының докторы, «Парасат» зияткерлік клубының президенті БақдәулетБерлібаев екеуі ашып, сөз сөйледі. Бақдәулет ағамыз кезінде ҚазПИ-де қызметістеп жүргенде, студенттері алаңға шығып кетіп, біраз уақыт КГБ-ның құрығына іліккенінеске алып өтті.

— Ал, Қақа, кезек өзіңізде. 90 минуттық академиялық сағатқа арналған дәрістік, танымдық лекциядесеңіз де болады. Асықпай сөйлеуге мүмкіндігіңіз бар, — деді сосын маған қарап.

Шошып кеттім. Көздері жәудіреп отырған мынабірінші курстың сарыауыз балапандарына бір жарым сағат бойы не айтуға болады?

Біріншіден, бұл өте ауыр тақырып, әлі күнге дейінтарихшылардың тісі батпаған, ғылыми жағынан толық зерттелмеген. Екіншіден, мынаотырған көгенкөздер жарық дүниеге келмеген кезде болып өткен Желтоқсан туралы түйсіне қояр ма екен? Зер салып қарасам, кейбірі соткасын шұқылап, күлісіп,енді біреулері ойсыз күйде терезге телміріп отыр. Жоғарыда айтыпөткенімдей, «Күлтөбеде» күнде өтетін жиындардан жалыққаны сезіледі.

— Ал, жас достар! – дедім сосын әңгіменің басынашып алайын деген оймен. – Өздерің оқып-білім алып жүрген осы білім шаңырағынаекінші рет келіп отырмын. Алғаш рет 1994 жылы Ербол Сыпатаев атындағы оқу залы ашылғанда бас сұғып едім. Оныңкім екенін өздерің білесіңдер. Енді, бүгінміне, Ербол мен оның желтоқсандық замандастары туралы өздеріңмен әңгіме өрбітпекпін.Бұл әңгімені қызықсыз, қажетсіз деп санағандарың қазір шығып кетулеріңе болады.Ал, қане, кім бастайды?

Студенттер мұндайды күтпесе керек, соткаларынкілт тастап, бастарын көтерісіп, аңтарылып қалды. «Шын айтып тұрсыз ба?»дегендей, абдырай қараған үш-төрт жасөспірім апыл-ғұпыл жиналып, шығып кетті. Қалғанқыз-жігіттер кездесудің соңына дейін тапжылмай отырды. Ұлы Тәуелсіздіктіжақындатқан ызғарлы 86-ның қайсар жастары туралы, Ербол жайында айтылғаншежірені қызыға тыңдады.

Иә, 22 жасында Желтоқсан қырғынында қыршынкеткен Ербол Сыпатаевтың тағдыры өте күрделі еді. 1964 жылы 10 наурызда бұрынғы Талдықорған облысы Панфиловауданының Еңбекші (бүгінгі Көктал) ауылында қарапайым жұмысшы БейсенАлшынбековтың отбасында туған. Алайда, бесіктегі сәби шағынан ержеткенге дейін әкесініңағасы Мұқажан Сыпатаев пен Тұрған апасының бауырында тәрбиеленген. 1970 жылы атасы,1982 жылы апасы қайтыс болады да, Ербол өз үйіне қайтып келеді. Бұл кездеинституттан құлап, Жаркент қаласындағы ДОСААФ-ты бітіріп, жүргізуші болып жұмысістеп жүрген кезі екен. Сынып жетекшісі Дәулетқазы Рақымғазыұлының айтуынша, інілері Ержан, Тұрсын, Тұрыскелдімен қарындасы Назгүлге қарайласып, әскерге кеткенше әке-шешесіне қолғабысжасайды.

— Ерболдың қазақ ауылдарындағы өзі сияқты көптеген қарадомалақтардан ешқандай ерекшелігіжоқ. Қатарлас құрбыларымен бірге мал бақты, шөпшапты, отын-су тасыды. Айырмашылығы – тағдыры ғана өзгешелеу болып қалыптасты.Желтоқсанның ызғарлы күндерінде ол ұлт намысын қорғаған жастардың алдыңғысапында жүрді, — дейді ұстазы.

Алматы энергетика институтының 2-ші курсстуденті Ербол Сыпатаев алаңға достарымен бірге саналытүрде барғаны дәлелденді. «Елім,жерім, тілім» деп, ұрандаған жастардың тоталитарлықрежимге қарсы іс-қимылын басып-жаншу үшін алаңға 7618 солдат, 15 БТР, 20өртсөндіргіш машина шығарылды. Астана іргесіндегі 70-разъезде арнайы танк полкі№1 әскери әзірілікте тұрды. Қалың әскермен бірге, көшеге 10 мың жұмысшыдан тұратынарнайы жасақтар жіберілді. Жолында кездескен қазақ атаулыны жайпап, жусатыпотырған бұл ұр да жық жасақшыларды арматура кесіндісімен қаруландырып, автобустарменалып жүрді. Оған Алматы электр техникасы зауытының бұрынғы директоры ЕркiнҚадыржановтың мына бір сөзі куә: «17желтоқсанда мен зауыттан жасақшылар жинап, оларды алаңға апару туралы Октябрьаудандық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы Мещеряковтан шұғыл бұйрық алдым.Алаңдағы қарсылықты басу үшiн оларға арматурадан арнайы темір кесіндісін қиыпберу ескертiлдi».

Қазақ ССР Ішкi iстерминистрлiгiнiң анықтамасы бойынша, 18-25 желтоқсанда 8 мыңдай адам уақытшақамау изоляторына әкелінген. Бұл ресми тіркелгені ғана. Ал, парламенттік комиссияжинақтаған деректерге жүгінсек, сол үш күнде 60 мыңдай адам алаңға шығыпты. Оның8000 уақытша мерзімге қамауға алынды, 99 желтоқсандық қылмыскер ретіндесотталды, 200-дей студенттер мен жұмысшы жастар 1 айға дейін абақтыға жабылды,1500 адам алаңда жәй болғаны үшін ғана әкімшілік-тәртіптік жазаға тартылды.Қайрат Рысқұлбеков пен Мырзағұл Әбдіқұлов ату жазасына кесілді, Ербол Сыпатаев,Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сынды жас өркендер шейіт болды.

18 желтоқсанның түнінде басынан жарақаталып, ауруханаға түскен Ербол 23 желтоқсанда көз жұмады. Бұл арада Ерболдың жасағанерлігі өз замандасы Қайрат Рысқұлбековтың азаматтық іс-әрекетімен өте ұқсасекенін байқауға болады.

«Бір жас қазақ қызын шашынан ұстап,тепкілеп жатқан милиция майорын көріп қалып, қарындасқа ара түстім. Құтырынғанмайорды бір ұрып құлатып, қызды құтқарып қалдым», дейді сотта сөйлеген сөзінде Қайрат.

Ербол да солай, сыртқы киімдері дал-дұлышығып жыртылған, шаштары қобырап, естері шыға қорыққан қос бойжеткендіекі қолтығына алып, көпқабаттыүйлердің қалқасына қарай жүгіреді.«Ештеңеге қайырылмаңдар, үлкен көшеге шығыпкетіңдер!» деп, қыздарды қалың әскердің қоршауынан шығарып үлгереді. Сол сәтте, артжағынан келіп жеткен жендеттер сапер күрегімен ұрып, жерге құлатады. Етпетінентүскен Ербол ет қызуымен атып тұрып, бір солдаттың қолындағы күректі жұлыпалады. Өзі де әскерде болған, спортпен айналысқан епті жігіт қой. Бірақ,ешкімді ұрмай, тек қорғанумен ғана жүреді. Сол кезде шүйдесіне тиген екіншіауыр соққыдан есін жоғалтты...

Ауруханда КГБ тыңшылары үш күн бойы дәрігерлерменжағаласып, Ерболдан жауап алу үшін палатаның есігін күзетеді. Сонда, емдеуші дәрігерлердіңқайран қалғаны – есін бір жинаған сәтте Ербол «Қыздар құтылды ма?» деп сұрапты.Ең соңғы сөзі осы болыпты...

Әрине, мұның бәрін біз кейін, тымкейінірек, Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана естіп, білдік. Ал, ол кезде, ЕрболСыпатаев туралы деректер тым тапшы еді. Ресми құжаттарда әке-шешесі жоқ, жетім ретінде көрсетілді. «ҚазақКСР Жоғарғы Советі президиумының Алматы жәнеҚазақстанның өзге облыстарындағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларына тиісті бағаберу жөніндегі комиссиясының корытындысында» солай деп жазылды. Неге?

Енді, сол туралы қысқаша тоқталып өтейін.1989 жылы шілде айында мен осы комиссияның сарапшылар тобына шақырылдым. Жан-жақтанжиналған заңгерлер, ғалымдар, журналистер, қоғамдық ұйым өкілдері жұмысқақұлшына кіріскенімізбен, ісіміз мандымады. Жапа шеккендердің ешқайсысыкомиссияға сенбей ме, қорқа ма, Үкімет үйіне келмейді. Қайта, Жазушылар Одағыжанындағы Тұрсын Жұртбаев басқаратын Қоғамдық комиссияға көп баратынынбайқадым (Мен сол праволық комиссияның да жауапты хатшысы едім). Сотталған желтоқсандықтардыңкөпшілігі әлі де абақтыда жатқан кез. Алматыда жүргендердің ешқайсысы ақталмаған.Содан сақтана ма, олар да жоламайды. Бір күні депутаттық комиссияның қосалқытөрағасы Қадыр Мырзалиев «Айғақ кәне, куә кім?» деген мақала жазып, «Қазақ әдебиеті» газетіне жариялап такөрді. Жоқ, бірен-саран жауапты қызметтен қуылған адамдар болмаса, тікелей желтоқсандықтардантөбе көрсеткендер аз болды.

Ақыры болмаған соң, тамыз айының соңындаМұхтар Шаханов «Жалын» журналына қарасты өзініңқызметтік «Волга» машинасын беріп, «Талдықорған облысына барыңдар, міне, КГБ-дағыбір танысым берген мына тізім бойынша желтоқсан құрбандарын анықтаңдар, тірікуәларды тауып келіңдер» деп, бірнеше жігітке тапсырма берді. Сөйтіп, қоғам белсендісі Мұратқан Түйебаев, журналистАрмиял Тасымбеков, мен және жүргізуші Серік төртеуміз жолға шықтық.

Кеш бата Жаркенттің шетіндегі бір ауылға кептоқтадық. Мал қораланып, сиыр сауылып, ел-жұрт жайланып, кешкі астың қамынакіріскен елең-алаң сәт. Түскен үйіміз Армиял Тасымбековтың немере ағасының шаңырағыекен.

– Қақпаның есігін дұрыстап жап! – деді үй иесі біз кіргенсоң, бір бозбалаға нығарлай сөйлеп. Сірә, біздің кім екенімізді, қандай нұсқауменжүргенімізді ағасы білетін сияқты. Әкесінің айтқанын тап-тұйнақтай орындап,үйге қайта кірген балаға тағы бір тапсырма берді.

– Терезенің перделерін түсір. Сосын өз бөлмеңебарып, кітабыңды оқы. Көшеге шықпа.

Күнге әбден тотығып, жүзі қайыңның қабығындайсекпілденіп қалған жасөспірім «Неге?» деп сұраған жоқ. Үлкендердің не үшінүрейленіп, неге үркінді болып жүргенін іші сезетін сияқты. Басын изеді де,кекілін бір сипап, шығып кетті.

Ауылға тән біркелкі стандартпен салынған үлкен төртбөлмелі үйдің қонақ залында отырмыз. Шәй ішілді, ет желінді. Жөн сұрасқаннанбасқа, артық-ауыз әңгіме айтылған жоқ.

— Сонымен ертең Еңбекшіге қайта баратын болдық па?– дедім мен астан кейін үлкеніміз Мұратқанға қарап. Ол «сөйтетін шығармыз»дегендей, шаршаңқы үнмен қысқа қайырды.

Бүгінгі күніміз расында да, адамды шаршататындайбос сенделіспен өтті десе болады. Алматыдан таңертең шыққанымызбен, жолда ескі«Волга» қайта-қайта бұзылып, біресе суы қызып, біресе ремені кетіп, итәуремізді шығарды. Елден көмек сұрайық десек, Кербұлақ ауданының ауылбасшыларының бірін де кездестіре алмадық. Ғажап, біз келгенде, конторда кекілі секигенхатшы қыздар ғана отырады. Жібі түзу ешкімді кездестіре алмаймыз. Сөйтсек,мұның сырын түс ауа Алтынемел асуынан асқаннан кейін, Панфилов ауданына қарастышөпшілер қосынында шәй ішіп отырғанда білдік.

Орта бойлыдан сәл жоғары, бұйрабас, отыздардың ішіндегісіліңгір жігіт шөпшілердің бригадирі екен. Аты Жеңіс. «Темекі шекпейсіз бе?»деді, бір қаға берісте маған көзін қысып. «Шегейік» дедім мен, ондай әдетім жоқболса да, бірдеңе айтқысы келгенін түсініп. Қостан едәуір ұзап шықтық. «Сіздертуралы біз жақсы білеміз, аға. Сіздер Шахановтың комиссиясынан келе жатырсыздарғой. «Олармен кездеспеңдер, кездесе қалса, әңгіме айтушы болмаңдар» деп, бүкілауылдардың басшыларына ескертіліп қойылған. Машиналарыңыздың нөміріне дейінберілген» деп, Жеңіс қарап тұр. «Бұл кім болды, сонда? Үш әріптің адамы емес пеекен?» — деп ойлап үлгергенімше, ол сөзін қайта жалғастырды.

— Қорықпаңыз, аға. Мен тыңшы емеспін, — деді күліп.– Менің аты-жөнім Жеңіс Бекеев. Қазақауылшаруашылық институтының 1-ші курсында оқып жүргенде, осы Желтоқсаноқиғасының салдарынан оқудан шығып қалғам.

— Солай ма? – дедім мен әлі де сеніңкіремей.

— Сенбей тұрсыз, ә! Мейлі, өз еркіңіз. Мен тіпті,алаңға да шықпадым ғой, қылаудай кінәм жоқ. Институттың 6-шы жатақханасындатұратынбыз. 18 желтоқсан күні түскі сағат 12-лерде жатақханамыздың біріншіқабаты у-шу болып кетті. Төменге түссем, солдаттардан қашқан он шақты бөтен қыз-жігітбізге басып кіріпті. Сыртқы есік кілттеулі болатын. Жаны қысылғанда, соны бұзыпкірген ғой. Олардың соңдарынан жеткен қуғыншы әскерлер де баса-көктеп, құтырыпжүр. Қолдарында сапер күректері. Жолында кезіккен ұл балаларды шетінен сұлатыпкеледі. Ондай сұмдықты көрмеген мен шошып кетіп, жоғары қаштым. Қасыма бір сарыбара ілесті. Оны танымаймын. Екеуміз жан ұшырып үшінші қабатқа көтерілдік. Есігімекеліп, бөлмемнің кілті түсіп қалғанын бірақ білдім. Қайтадан іздестіруге ендікеш. Ұзын дәліздің ең шетіндегі дәретханаға барып тығылдық. Бірақ, солдаттарбізді көріп қалыпты. Келген бетте, бізді күрекпен ұрып жығып, тепкінің астынаалды. Басымды ғана бүркеп алғанмын. Сары бала үнсіз қалды. Тірі ме, білмеймін. Ендібір қарасам, терезенің жақтауына шығарып, мені төмен қарай лақтырып жіберді.Абырой болғанда, ағаш бұтақтарына соғылып, аман сау қалдым. Бір аяғымның сіңірісозылыпты. Соған қарамай, тұра сала қаштым. Қиралаңдап келе жатқанымда, көшедебір қазақ таксист кездесті. Жағдайымды айтып едім, апайымның үйіне дейін жеткізіпсалды. Ертеңінде апайым мені ауылға алып кетті. Содан осындамын.

— Әй, Жеңіс, бауырым, осы айтқаның шын болса, ондамен сені фотоға түсіріп алайын. Айтқандарыңды жазып бер. Комиссияға кел.Оқуыңды қайта жалғастыруға көмектесеміз.

— Қойыңыз, ағасы. Осы көрген күнімізге зар бопқалармыз. Сотталып кетпей, аман қалғаныма шүкір. Тыныштық керек. КГБ онсыз дажиі мазалайды. Тек, сіздер байқастап жүрсін деп, ескертіп жатқаным ғой.

Бұл естігенімді жолда әріптестеріме жеткіздім.«Бәсе, кеңселерде бір маманның жоқтығында сыр бар екен ғой» деп, олар да таңырқаумен болды. Сол беті Еңбекшіге түсәлетінде барғанбыз. Ерболдың үйі ауылдың кіреберіс шетінде екен. Үйінде ересек жанжоқ. Аулада жүрген жасөспірім бала мандытып ештеңе айтпады. Есімі Ержан дедіме, ұмытыппын. «Ерболдың әкесі Мұқажан ата мен апамыз ертеректе қайтыс болған.Біз алыс туыстары боламыз. Үйін қарап отырмыз» дегені ғана есте. Баладан басқадайне сұрайсың? Күн ысып барады. Су сұрап іштік. Жан шақырған соң, маңайдағы екі-үшкөршісінің үйіне кіріп, жөн-жосық білейік дестік. Құдай-ау, «Көрші хақысы –Тәңір хақысы» деп, әншейінде шешенсіп жүретін жандар әп-сәтте пендеге айналыпшыға келеді екен ғой. «Біз ештеңе білмейміз. Олармен араласпаймыз» деген суықсөзді естігенде, тас қабырғаға тірелгендей күй кештік. Одан әрі тұра берудіңреті жоқ еді.

— Былай істейік,  - деді Армиял осы Жаркенттің тумасы болғансоң, тізгінді қолға алып. – Ләззаттың анасы тұратын Ақжазық ауылы осы араданқашық емес. Ақыры келген соң, сол жаққа да барып қайтайық.

Алматыдағы Чайковский атындағы музыка училищесініңбірінші курс студенті, 1970 жылы 27 шілдеде дүниеге келген Ләззат Асанова дажелтоқсанның бір құрбаны еді. Анықталатын тізімде ол да бар. Бірақ, Ақжазықтағы тірлігіміз де Көкталдағыжүрісімізбен шамалас болды. Үш әріптің тегеурінінен қатты қорқып қалған ел-жұртбізді көре сала, айнала қашады. Кеңсеге, мектепке бас сұға алмадық. «Бөтенадамдарға рұқсат жоқ».

Бойындағы әлдебір үрейден арыла қоймаған Алтынайәпкеміздің өзі де Армиялдың «Біз Сізге сеніп келдік қой, тәте!» деп, қаттыкүйіне сөйлеген сөзінен кейін ғана, кездесуге әрең көнді. Оның өзінде де үйіндеемес, мектеп кітапханасының бір бұрышында жолығыстық. Жастайынан жесір қалып, оданкейін де тағдырдың тауқыметін аз тартпаған, тұңғыш қызынан қапияда айырылыпқалған бейкүнә ана әбден ширығып жүр екен. Біздің жұбату лебізімізден кейін екікөзге ерік берді.

«Ләззатты КГБ жендеттері 25 желтоқсанда қолыма әкеліптапсырды ғой. Бір күн бұрын көрші ауылда Ербол Сыпатаевтың сүйегін әкеліпті депестідік. Ерболды «нашақор бұзақы», менің қызымды «суық қол ұрлықшы» деп, өсек-аяңтаратып жіберіпті. Соған жұрт сенді. Үкіметтің адамдары айтып тұрған соң, қалайсенбейді? Ал, мен Алланы аузыма алып айтайыншы, өз қызымның ақ екеніне сенемін!Жүрегім сенеді! Жаныма қатты батқаны – 16 жастағы бейкүнә Ләззаттың жетісі менқырқына жайылған дастарханға ауылдастарымның бір де бірі келмеді ғой», — деп,қыстыға егілді. Көз жасы көл болды...

Әй, адамдар-ай, адамдар-ай, қандайсың! Ештеңенібөліп бермесең де, қиналған кезде, бір-бірін сүйейтін, жылы сөзбен жебейтін атасалтынан қалайша аттап кеттіңіздер екен?.. Жә, оны айтсақ, ұзап кетерміз.

Іштегі шерін бір тарқатып алған Алтынай әпкеміз әлгіайтқандарын қағазға түсіруден бас тартты. «Ой, апатай, сонша жерденкелгенімізде, мұныңыз қалай?».

— Қинамаңдар мені, бауырлар. Желтоқсандық жастардыаяусыз жазалағандар әлі де билікте отыр, олардың Мұхтар Шаханов құрған комиссияға ақиқатты қазбалауғамүмкіндік беретініне сенбеймін.

Шынында да, Алтынай әпкеміздікі дұрыс болыпшықты. Жоғарғы Кеңестің депутаттары желтоқсандық комиссияның қорытындысынхалыққа жеткізбей, 1989 жылдың 14 қарашасында жылы жауып тастады. Ал, мен соныңалдында ғана, 10 қараша күні «Қазақ әдебиеті» газетіне «Желтоқсан жаңғырықтары»атты белгілі мақаламды жариялап үлгерген едім. Сол жазбамда Ләззат пен Ерболтуралы баспасөзде тұңғыш рет айтылды. Компартияның Орталық комитеті «Ұлтараздығын қоздырушы мақала авторын жауапқа тарту қажет» деген қатаң нұсқаутүсіріп, оған прокуратура қосылып, қым-қуыт қылмыстық іс қозғалғаны, көп уақытәуре-сарсаңға түскенім жайлы газеттерге жаздым да.

Енді, сол Жаркентімізге қайта оралайық.Біздің екінші күнгі жүрісіміз де бос сенделіс болып шықты. Ауыл басшылары ұстатпайды.Ерболдың әке-шешесінің қайда екенін қанша жалынып сұрастырсақ та, кездескендердіңешқайсысы айтпайды. Көздеріне қарасаң, білетіні байқалып тұр, бірақ сұрағыңдыестімеген адам сияқты мелшиіп өте шығатынын қайтерсің. Сөйтіп, іздегеніміздің ұшығынтаба алмадық, үмітіміз үзілді, ақиқаттың ауылы алыстай берді.

Өз халқын үрейде ұстаған кеңестік жүйенің қандайқатал тәртіпке бағындырылғанын, адамдардың бүкіл рухани болмысын қалай аяусыз басып,жаншығанын бүгінгі жастар біле бермейді ғой. Бейсен ағамыз бен Алтынайәпкеміздің өз балалары туралы ақиқатты дер кезінде айта алмағаны да сол үрейдіңсалдары. Олардың бір сәттік жасқаншақтығы ұзақ жылдар бойы өздерінің жолынбөгеді. Шындыққа жетудің шырғалаң соқпағында екеуіне көзге көрінбейтінкедергілермен жеке-дара алысуларына тура келді.     

Ал, біздің сол жолы іс-сапардан қоржынымызбос оралғанына Мұхтар Шаханов қатты күйінді: «Қап, комиссияға екеуін де алыпкелулерің керек еді! Сөздеріңді өткізе алмайтын қандай адамсыңдар?» — деп, біразсөгіп тастады. Оның үстіне, бізтап бір құдалыққа барып келгендей, комсомолдың Орталық комитеті қызметтік«Волганы» жеке бас мүддесіне пайдаланғаны үшін Мұқаңның жүйкесіне тиіп,байбалам көтеріп жатыр екен. Оған да түсінік жаздық. Іс-сапардағыкөрген-білгенімізді толық хаттап, қағазға түсірдік.

Содан комиссия тарады, қолдағы барматериалдармен жұмыс қорытындыланды, әрқайсымыз өз қызмет орындарымызғаоралдық. Бір күні, шамамен 1990 жылдың желтоқсан айының орта тұсында ғойдеймін, «Қазақ әдебиетінің» редакциясына алпыстың үстіндегі, мығымденелі ақсақал бас сұқты. Күнге тотыққан жүзі ауылдан келгенін аңғартып тұр.

— Ассалаумағалейкүм, жоғарылатыңыз, — деп орындық ұсындым.

— Қарағым, мен өзіңді арнайы іздепкелдім. Бейсен Алшынбеков деген ағаң боламын.Ерболдың әкесімін, — деді ол өте пәс үнмен. Өзінің кезінде ағаттау іс-әрекетжасағанын сезінген ақсақалға басқадай қатты сөз айтуға бата алмай, жөн-жосық қанасұрадым.

— Сонда неге қашқалақтадыңыз, аға? Шыныңыздыайтыңызшы?

— Е-е, қалқам, менен не сұрайсың? Мен көргенқұқайды сендер білмейсіңдер ғой. Екі империяның езгісінен өттім. Қытайда туып, жатжерде өстім. «Мәдени төңкеріс», «Ашылып сайрау» сияқты небір құйтұрқы алапаттардыбастан кешірдік. 62-ші жылы үркінді елмен бірге сәбетке қашып келгенімде,мынандай күйге ұшырадық. КГБ дейтін зәр-зауһан адымымызды аштырмады ғой біздің.Өздерің келетіннің алдында әйелім мен бала-шағамды жан-жаққа таратып, басқаүйде ұстап отырды. Жағдайымызды түсінерсің, айналайын.

— Енді маған не үшін келіп отырсыз?

— Мұхтар Шахановқа жолықтыр. Ерболдыңақталуына көмектесіңдер...

— Ай, ақсақал-ай, «қолдарыңызды әрқашанмерзімінен кеш сермеп жүресіздер» ғой. Сіз сол кезде комиссияға келгеніңізде,бұлай сергелдеңге түспейтін едіңіз. Мен де «Ерболдың әкесі түйеші Мұқажанақсақал...» деп нақақ жазбайтын едім. Комиссияның материалында да «жетім бала»деп айтылып кетті. Оны қалай түзетеміз?

— Қайтейін, бауырым. Түлен түртті ме, өзқағынан жеріген құландай адасқанымды Құдай өзі кешірсін. Өмірден ештеңе қызықкөрмей кетті ғой, бейкүнә бала...

Ербол 1986 жылдың 9 желтоқсанында ауылына барып,сырқаттанып жүрген әке-шешесінің көңілін аулағысы келді ме екен: «Алла бұйырса,сіздерге, Жаңа жылға сыйлық ретінде келін әкелемін. Ал, келесі жылы оқуымдысырттай бөлімге ауыстырамын да, қастарыңызға келіп, өздеріңізге қарайласамын»,– деп кетіпті.

Бірақ, бұл күткен қуанышқа ата-анасыныңқолдары жетпеді.

— Жарайды аға, шамамыз келгенше, көмектесейік.

Абырой болғанда, Мұқаң бірер жыл бұрынғы жайсызжағдайды еске алмай, Бейсен ақсақалды жылы қарсы алды. Алдағы уақытта тағы біркомиссия құруға әрекет жасап отырғанын, сонда ақталмаған желтоқсандықтардыңмәселесін қайта қозғайтынын айтып, қамкөңіл жанның көңілін көтеріп қойды.

Сөйткен Ербол Сыпатаев 1991 жылы, ЛәззатАсанова 1997 жылы ғана ақталды. Еңбекші орта мектебіне Е.Сыпатаевтың есіміберілді. Ал, 2008 жылдың 16 желтоқсанында бірін бірі тірісінде көрмеген, білмеген,бірақ о дүниеде рухы біріккен желтоқсандық қос өренге Панфилов аудандықМәдениет үйінің алдында ескерткіш орнатылды. Бүгінде Ербол мен Ләззат бір ғана ауданның емес, тұтас еліміздің мақтанышына айналды.

… Осы әңгімені айтып бітіргенімде, кездесугеберілген өлшеулі уақыттың қалай өте шықанын байқамай қалыппыз. Ұйып тыңдағанстудент өрендерге жағалай көз салғанда аңғардым, кейбір қыздардың кірпігінде мөлдірегенжас іркіліп тұр екен...

Қайым-Мұнар Тәбеев,

журналист-жазушы 

Тегтер: