14:53, 27 Наурыз 2023
Ербол Тілешов Тіл саясаты комитетінің төрағасы болып тағайындалды бойынша
Тілешов Ербол Ердембекұлы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы ҚР үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ербол Тілешов 1965 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді Абай атындағы педагогикалық университетін бітірген.
1992-2001 жылдары Ақмола университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында оқытушы, аға оқытушы қызметтерін атқарды.
2001-2002 - Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының доценті.
2002-2004 жылдары — Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің гуманитарлық институты директорының орынбасары, директордың орынбасары.