Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:32, 31 Қаңтар 2022

Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды

None
None

Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды, — деп хабарлайды «Жас Алаш»  Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.

«Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды», — делінген хабарламада. 

Досаев 2019 жылдың ақпанында Ұлттық банк төрағасы болып тағайындалған, 2017 жылдың тамызынан бастап премьер-министрдің орынбасары болған. 2016 жылдың мамырынан бастап «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингін басқарған.

2012-2013 жылдар аралығында ол экономикалық даму және сауда министрі болған, сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігін, Қаржы министрлігін, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігін басқарған.

Ол қаржы вице-министрі, энергетика, индустрия және сауда вице-министрі қызметтерін атқарған. 1998 жылы Досаев премьер-министрдің кеңесшісі болды.

Тегтер: