Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:03, 26 Шілде 2023

Ерболат Досаев Алматының Алатау ауданында электр қуатының өшіп қалу мәселесі қалай шешілетінін айтты

None
None

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданында халықпен кездесті. Ол кездесу барысында электр қуатының өшіп қалу мәселесінің қалай шешіліп жатқаны туралы айтты.

Әкімнің айтуынша, «Алғабас», «Теректі» және «Көк-Қайнар» шағын аудандарында электр қуатын жиі ажырату мәселесін шешу үшін 31 трансформаторлық қосалқы станция орната отырып, 81,3 км иесіз электр желілерін қайта жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр.  Аяқталуы 2023 жылдың желтоқсан айына жоспарланған. 

«Бүгінгі таңда жоспарланған 2424 тіректің 1700-і орнатылды. Жабдықтар сатып алынды, кабель желілерін салу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде», — деді әкім.

Тегтер: