Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:41

Ердоған Ресей мен Украина арасындағы соғыс жақын арада аяқталатынына сенбейді

Ердоған
Фото:

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресейдің Украинаға қарсы соғысы жақын арада бітеді дегенге сенбейтінін айтты.

Бұл туралы ол Fox News арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Түркия басшысына Ресей-Украина соғысы қашан аяқталуы мүмкін деген сұрақ қойылғанда, Ердоған:

«Мен оған қатты сене қоймаймын. Бұл әлем үшін жақсы емес», – деді.

Екі тараппен де байланыс маңызды

Президент Түркияның Ресеймен де, Украинамен де «маңызды қатынастарын» сақтап отырғанын атап өтті.

«Біз ешқашан бұл елдерден алыстағымыз келмейді. Әрқашан бейбітшілікті ұстандық. Мұндай соғысты ешқашан қалап көрген жоқпыз. Өкінішке қарай, бұл соғыс миллиондаған адамның өмірін қиды. Ресей де, Украина да адам шығыны мен қаржылық тұрғыдан өте ауыр зардап шекті», – деді Ердоған.

Түркия президентінің пікірінше, Украина Ресеймен экономикалық тұрғыда бәсекелесе алмайды. Ол Еуропаның қаржылай көмегін атап өтті, бірақ бұл көмек «мәңгі жалғаса алмайтынын» ескертті. Соған қарамастан, Ердоған Батыстың Украинаға қолдауын жалғастыратынына үміт білдірді.

2025 жылғы 22 тамызда Түркия Украинаға теңіз қауіпсіздігі саласында кепіл бола алатыны хабарланған еді. Ал 28 қыркүйекте Ердоған соғыс тоқтағаннан кейін де Түркия Украина қауіпсіздігіне үлес қоса беретінін айтты.

Тегтер: