16:33, 16 Наурыз 2023
Ердоған Тоқаевты қарсы алды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған «Кулие» резиденциясында қарсы алды, — деп хабарлайды Жас Алаш.
Айта кетейік, кеше түнде Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ-ның кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында Мемлекет басшысы Түркия Президентімен кездесу өткізеді деп жоспарланған.