Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға құрметпен қарау мәселесі
Мүмкiндiгi шeктeулi aдaмдaрдың құқықтaрын қoрғaу жәнe oлaрғa құрмeт көрceту – мeмлeкeт үшiн мaңызды мәceлeлeрдiң бiрi. Мeмлeкeт Прeзидeнтi Қacым-Жoмaрт Кeмeлұлы Тoқaeв, мүмкiндiгi шeктeулi aдaмдaрдың құқықтaрын қoрғaу жәнe oлaрғa қaмқoрлық жacaуды әлeумeттiк caлaдaғы бacты мiндeттeрдiң бiрi рeтiндe үнeмi aйтып кeлeдi. Прeзидeнт хaлыққa Жoлдaуындa: «Бiз eрeкшe қaжeттiлiктeрi бaр aдaмдaр үшiн бiрдeй мүмкiндiк жacaуғa мiндeттiмiз» дeгeн бoлaтын. Өйткeнi бүгiндe eлiмiздe 705 мыңнaн acтaм мүмкiндiгi шeктeулi aдaм тұрып жaтыр.
Қaзaқcтaн Рecпубликacындa мүгeдeктeрдi әлeумeттiк қoрғaу турaлы зaң 1991 жылдың 21 мауcымындa қaбылдaнды. Ocы зaңдa мүмкіндігі шектеулі адам – өмір әрекетінің шектелуіне әкеп соғатын және оны әлеуметтік қорғауды қажет ететін аурулардан, жарақаттардың немесе кемістіктердің салдарынан туындаған дене функцияларының тұрақты бұзылуы бар денсаулығында ақау бар адам. Coндaй-aқ, ocы зaңның 1-бaбындa «адамның өзін-өзі күту, өз бетінше қозғалу, бағдарлау, қарым-қатынас жасау, мінез-құлқын бақылау, оқу және еңбек қызметімен айналысу қабілетін толық немесе ішінара жоғалту» ретінде анықталады.
Ерекше қажеттілігі бар және мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау және тұрмыс сапасын арттыру 2025 жылға дейін бекітілген Ұлттық жоспар аясында жүзеге асырылмақ.
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың ауруға шалдығуы, дамуындағы, денсаулығының, сыртқы ортасының ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыра алмауынан ауытқуы немесе кемістігі, қоғамның мүгедектерге деген теріс көзқарасы салдарынан функционалдық қиындықтары болады. Осы шектеулердің әсерін азайту мақсатында ерекше қажеттіліктері және мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау үшін мемлекеттік кепілдіктер жүйесі әзірленді.
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау қазіргі қоғамның өзекті мәселесі болып табылады және әрбір мемлекет өзінің даму деңгейіне, басымдықтары мен мүмкіндіктеріне сәйкес мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты әлеуметтік-экономикалық саясатты қалыптастырады.
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау, олардың өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында заңнамалар қабылдануда. Осы заңдардың бірінде мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру жүзеге асырылуда.
XXI ғасырдың ең алаңдатарлық тенденцияларының бірі – денсаулығында ақауы бар балалардың, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалардың санының тұрақты өсуінде. Біздің елімізде бұндай балаларды оқыту өте өзекті мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі жетекші бағыт инклюзивті білім беру болып табылады. Инклюзивті білім беру моделі ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз білім беру ортасын құруды, білім беру ортасын олардың қажеттіліктеріне бейімдеуді және дені сау құрдастарымен бірлескен оқу процесінде қажетті қолдау көрсетуді қамтиды.
Инклюзивті білім беру– барлық балалардың физикалық, психикалық, интеллектуалдық және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан жалпы білім беру жүйесіне енгізілген білім.
Инклюзивті білім берудің оң аспектілері:
- жалпы білім беру ұйымында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін арнайы оқу жағдайларын жасау;
- берілген оқу орнының барлық балалалардың білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын икемді бейімделген білім беру ортасын құру;
- бұқаралық мектептің жалпы сыныптарында білім алушыға арнайы мамандар тарапынан қажетті психологиялық-педагогикалық қолдау көрсете отырып, оқыту;
- мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдауға педагогикалық және ата-аналар топтарын дайындау) және барлық балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалар үшін қолайлы болатындай, дамудың максималды деңгейіне жетуге, сондай-ақ баланы әлеуметтік оңалтуға және оның қоғамға интеграциялануына ықпал ететін осындай оқу жағдайларын жасау;
- қоғамда (сыныпта, топта, мектепте) толеранттылық дағдыларын, төзімділік, мейірімділік, өзара сыйластық және т.б. қалыптастыру.
Инклюзивті білім беруді дамыту мәселесінің өзектілігі, ең алдымен, білім беруді қажет ететін балалар санының тұрақты өсіп келе жатқандығымен байланысты. Мүмкіндігі шектеулі балалар санының көбеюімен қатар, кемістік құрылымында сапалық өзгерістерге, әрбір жеке баланың кемістігінің күрделі сипатына бейімділік байқалады. Балалар қарым-қатынаста, өзін-өзі күтуде және қозғалыста мүмкіндіктері шектелген. Олардың дамуы көп жағдайда олардың қажеттіліктерін басқа адамдардың қанағаттандыруына байланысты және бұл әлеуметтік-педагогикалық интеграцияның көп қырлы процесін және, атап айтқанда, біріктіру процесін құрайды.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарды мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғау жүзеге асырылуда. Әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттары:
1. Медициналық-әлеуметтік сараптама – адам ағзасының тұрақты бұзылуынан туындаған тіршілік әрекетінің шектелуін бағалау негізінде тексерілетін адамның әлеуметтік қорғау шараларына, оның ішінде оңалтуға қажеттілігін белгіленген тәртіппен анықтау;
2. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды оңалту – мүмкіндігі шектеулі адамдардың күнделікті, әлеуметтік және кәсіптік қызметке қабілеттерін толық немесе ішінара қалпына келтіру жүйесі мен процесі. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды оңалту мүгедектерді әлеуметтік бейімдеу, олардың қаржылық тәуелсіздігіне қол жеткізу және интеграциялау мақсатында дене функцияларының тұрақты бұзылуымен денсаулық проблемаларынан туындаған өмірлік қызметтегі шектеулерді жоюға немесе мүмкіндігінше толық өтеуге бағытталған.
3. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін қамтамасыз ету, оның ішінде: медициналық көмек көрсету; мүмкіндігі шектеулі адамдарға ақпаратқа кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету; мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету; мүмкіндігі шектеулі адамдардың инженерлiк, көлiк және әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне кедергiсiз қол жеткiзуi үшiн жағдайлар жасау жөнiндегi талаптарды орындаудан жалтарғаны үшiн жауаптылық; мүмкіндігі шектеулі адамдарғ тұрғын үй алаңымен қамтамасыз ету; мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту; мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыруға квота белгілеуді және жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруды қамтитын мүмкіндігі шектеулі адамдарға жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету; еңбек жағдайларын жасау; материалдық қамтамасыз ету; әлеуметтік қызмет көрсету;
Ерекше қажеттілігі бар және мүмкіндігі шектеулі адамдарды мемлекет қоғамнан аластатпай, қоғамда қарапайым адамдармен қатар жүруіне жағдай жасауда. Оларға құрмет көрсетіп, олардың құқықтарын қорғап, әлеуметтендіруде. Мәселен, балаларды өз ортасынан аластатпай, өз жасындағы балалармен бірге білім алу мақсатында, инклюзивті білім ортасын қалыптастыруда. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға, оларға мүмкіндіктеріне қарай жұмыс ұсынып және оларды мүмкіндігінше мемлекет тарапынан тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үймен қамтамасыздандырып, оларға тегін медициналық көмек көрсетілуде. Қоғамда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, аяныш сезімін танытпай, керісінше оларға көмек көрсетіп, құрмет көрсетейік!