Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:04, 31 Қаңтар 2022

Ереуіл кезінде темір таратқан Алматы мен облыстың 6 тұрғыны ұсталды

None
None

Алматы мен облыстың алты тұрғыны жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін ұсталды. ІІМ мәліметінше, олар полицейлер мен әскери қызметкерлерге қарсы шығу үшін темір таратқан, — деп хабарлайды «Жас Алаш»  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысқан Алматы мен Алматы облысының алты тұрғыны ұсталып, УҰИ-ға қамалды. Олар қызметкерлер мен әскери қызметшілерге қарсы қылмыс құралы ретінде темір таратты», — деді әкімшілік Полиция комитеті басқармасының бастығы Бағланбек Айтпаев брифингте.

Оның айтуынша, қарақшыларды ұстау әрекеті 19 қаңтарда басталған "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы аясында жүзеге асырылған. Ол төтенше жағдай режимі алып тасталғаннан кейін, заң мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша жүргізілген.

Оның айтуынша, іс-шараны өткізу барысында 4 мыңнан аса қылмыс тіркелген. Оның ішінде 300-ден аса қылмыс қоғамдық орында және 80-і көшеде болған. Қылмыс Шығыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында көп жасалған.

«2 700-ден аса қылмыс ізін суытпай ашылды. Мысалы, 19 қаңтарда Ақтөбеде полиция қызметкерлері бұрын сотталған екі азаматты тез арада ұстады. Олар түнде медициналық бетперде тағып Qazaq Oil ЖМҚС-на кіріп, жанармай құюшы мен кассирді пышақпен, балғамен қорқытып, 100 мың теңгеден аса ақша және ұялы телефон алып кеткен.

21 қаңтарда ШҚО Үржар ауданы Бақты ауылы маңында жеке кәсіпкерді өлтірген адам ұсталды», — деді Бағланбек Айтпаев.

Тегтер: