Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:55

Ереже бұзбайтын жүргізушілерге жеңілдік жасалуы мүмкін

1

6 ақпанда Астанада өткен «Қазақстандағы қалалық мобилділікті дамыту» форумында жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері талқыланды. Сессиялардың бірінде Sergek Group компаниясының бас директоры Евгений Ким жол ережесін бұзбайтын жүргізушілерді қолдау жүйесін енгізуді ұсынып, көлік жүргізу мәдениетін арттыру жазамен ғана шектелмеуі керек деді.

«Сингапурда ереже сақтайтын жүргізушілерді ынталандыру жүйесі енгізілген. Белгілі бір уақыт ереже бұзбағандар сақтандыру полисін рәсімдеуге және тағы басқа жеңілдік алады. Канадада сақтандыру компаниялары арнайы бағдарламалар ұсынады. Олар телематика құрылғылары немесе мобильді қосымша арқылы клиенттің көлік жүргізу стилін бақылайды. Жолда мұқият және қауіпсіз әрекет ететін жүргізушілер сақтандыру сыйақысына 25 %-ға дейін жеңілдік алады. Мұндай шаралар жолдағы қауіпсіздікті арттырып, жол-көлік оқиғаларының санын азайтады», — деді Е. Ким.

Елімізде сақтандыру класы бұрыннан бар. Апатқа жиі ұшырамайтын, класы жоғары (11, 12, 13) жүргізушілер сақтандыру полисін көлікті жаңадан жүргізе бастағандарға немесе апатқа жиі түсетіндерге қарағанда әлдеқайда төмен бағаға алады.

Биыл 1 қаңтардан бастап жүргізуші мас күйінде көлік жүргізсе, көлікті мас жүргізушіге тапсырса немесе мас күйінде жасаған жол апатынан адамдар зардап шексе не қайтыс болса, сақтандыру класы ең төменгі М2-ге дейін түседі. Ал полис құны 3.5 есе қымбаттайды.

Шенділер, депутаттар және полицейлер айыппұлы жоқ, жол апатына түспеген жүргізушіні ынталандыратын қосымша шаралар енгізсе өте жақсы болар еді. Ал сіз қалай ойлайсыз?