Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:18, 11 Тамыз 2019

«Ерік Құрманғалиев туралы шындық әлі де айтылады...»

Биыл тірі болса талантты әнші Ерік ҚҰРМАНҒАЛИЕВ 60 жасқа толар еді. 1998 жылы АҚШ-тың Бостан қаласындағы музыкалық фестивальде баспасөз біткен ол туралы феномен деп жазды.

Соңғы жылдары ғаламат әнші жайлы зерттеп жүрген белгілі ақын Маржан ЕРШУМЕН «Жас АЛАШ» тілшісі сұхбат өткізген еді. Соны ұсынамыз. 

– Маржан, биыл сирек дауысты әнші ЕрікҚұрманғалиевтың туғанына 60 жыл толады. Оқырмандарымызға Ерік Құрманғалиевтыңтуған топырағы, өскен ортасы туралы толығырақ айта кетсең?

–Ерік Құрманғалиев 1959 жылы 31 желтоқсанда Атырау облысының Жылыой ауданында,Құлсары қаласында дәрігерлер отбасында дүниеге келген. Әкесі Сәлім ҚұрманғалиұлыҚұрманғалиев – хирург, Ақтөбенің жігіті болса, анасы Меруерт Зинешқызы Сауықова– бала дәрігері, Атыраудың қызы. Олар Алматы медициналық институтын тәмамдағаннанкейін, сол кездегі дәстүр бойынша жолдамамен Құлсары аудандық ауруханасынажұмысқа келген. Ерікті Атырау мен Ақтөбенің ортақ перзенті десек те жарасар.Себебі, оның көп туысқандары Ақтөбе жақта. Өзі Құлсарыда дүниеге келген соң, құрметішығар, әйгілі әнші сұхбаттарында «мен құлсарылықпын, туған жерімді сүйем» депкөп айтады екен. Құрманғалиевтар отбасы Құлсарыда көп уақыт тұрмаған. ЕрікҚұлсарыда туды, бірақ Атырау қаласындағы №17 (бұрынғы Киров атындағы) мектептеоқыған. Жазғы каникул кездерінде Махамбет ауданы орталығында тұратын нағашыата-әжесіне қонаққа барып тұрған. Еріктің нағашы атасы Зинеш Сауықов ел ішіндебеделді адам болыпты. Махамбет ауданында колхоз, совхоз басқарған. Соғысқақатысқан майдангер. Ерік кішкентайында қой бағып, қоңырау тағып, сиыр бағып,сидаң қағып, түйе бағып, түйме таққан малсақ бала болмаған. Әйтсе де, қаймағыбұзылмаған ауыл тірлігі оны қызықтырды. Қазақ тілінде жетік сөйлеуіне әсеретті.

Ерік Құрманғалиевтың ата-бабасы туралықандай дерегің бар?

–ЕрікҚұрманғалиевтың ата-бабалары Ақтөбе облысының Мұғаджар ауданы аймағын қонысеткен. Әлімнің Шекті деген тарауынан тарайды. Шектіден – Назар – Кенегес –Танас – Жаманша – Боранқұл – Құрманғали – Сәлім – Ерік тарайды. «Талант сүйеккебітеді» дейді халық даналығы. Еріктің ата-бабалары сөзге шешен, би адамдарболған екен. Құрманғалиевтар әулетінің қан туыстығы жағынан тіл білімісаласындағы тұңғыш қазақ профессоры, түркітанушы -ғалым Құдайберген ҚуанұлыЖұбанов, қазақ жерінде тұңғыш рет оркестр құрып, дирижерлік еткен белгілікомпозитор, академик, музыка зерттеушісі Ахмет Қуанұлы Жұбановтармен жақынтуыстығы бар. Еріктің кәрі нағашы жұрты әйгілі Жұбановтар әулеті болып келеді.

– Әйгілі әншінің өнер жолы қалай басталған?

– Ерік Подольск хореографияучилищесінде бір жарым жыл оқиды. Бір күні Еріктің салған әнін естіген бірұстазы қайран қалады. Ол ұстазы – әлемдік музыка саласында үлкен беделі барәйгілі музыка маманы, еврей ұлтынан шыққан профессор әйел Н.Л.Дорлиактыңшәкірті екен. Сол кісі «Мұндағажап дауысты қазақ баласы оқып жүр» деп Дорлиакка айтады. Құбылыс таланттардыкөргенде жүрегі елжірейтін атақты Дорлиак Гнесиндер институтына ЕрікҚұрманғалиевты қабылдау жөнінде өтініш-хат жазған. Мықты мастер Дорлиак Еріктіқанатының астына алады. Сөйтіп, Дорлиактың арқасында Ерік Құрманғалиевтыңталанты төрткүл әлемге жайылған еді!

Еріктіңжеке тұлға болып қалыптасуына ұстазы, профессор Н.Л.Дорлиак көп еңбек сіңірді. Н.Л.ДорлиакЕріктің өнердегі ұстазы ғана емес, оған анасындай қамқорлық танытқан аяулы жан.Ол кісі өзі қаражат тауып, ән нотасын жаздыртып, сахналық костюмін дайындатып,Ерікті талай рет шетелге конкурстарға алып барған. Ерік ұстазы, профессорН.Дорлиак жетектеп апарған алғашқы конкурста, 1987 жылы Хертогенбошеде(Нидерландия) өткен жас орындаушылардың халықаралық конкурсында топ жарып,лауреат атанады. 1988 жылы Бостонда өткен халықаралық музыка фестивалінде«Феномен» деп танылып, атағы әлемге жайылады. Вокал өнеріндегі ерекше құбылысретінде Гиннесс кітабына енеді және оны атын аңызға айналған итальяндық әншіәйел Федора Барбьиеримен қатар қойып дәріптейді. Ф.Барбьиери 1940 жылы алғашрет Италияның опера сахнасына шығып, ғажайып (меццо-сопрано-контральто)дауысымен миллиондаған халықтың жүрегін жаулап алып, бірден өнердегі табыстыңшырқау биігіне көтеріледі. Ерік те табыстың шыңына тез көтерілген.

– Аты аңызға айналған әншінің өмірі ғанаемес, қазасы, жерленуі туралы да алыпқашпа сөз көп. Осы туралы не айтасыз?

–Ерік Құрманғалиев өмірінің, өнерінің жұлдызды шақтарын елінен жырақта, Мәскеудеөткізді. Мәскеу оның талантына, болашағына жарқын жол сілтеген қасиетті мекенболды. Мәскеуде жүріп есімдері елге белгілі мықты мамандардан білім алды,тәрбие мектебін көрді. Оның өмірде тек жасыл жарық жанып тұрмағаны анық.Дағдарысты да басынан өткерді. Қиналды да.

2007жылы 16 қазанда Мәскеу қаласының ауруханасына бауыры ауырып түскен әнші 13қарашада 47 жасында жан сақтау бөлімінде қайтыс болды. Кісі табанынан, қарағайтамырынан кетеді. Туған жерге тамырын жая алмаған есіл талант өзі еріксіз тапболған қоғамнан да өзекке тебер соққы жеп, шуылдақ тобырдың қақпақылына жемболып кете барды...

Еріктіңөнерін өмірде өте жоғары құрметтеген атақты кутюрье Пьер Карден ол өлгенде деазаматтық танытты. Парижден Мәскеуге ұшып келіп, Ерікті жерлеу туралы мәселеменмэр Лужковқа шығады. Ресейдің атақты адамдары жатқан зиратта орынболмағандықтан, жерлер алдын ала сатылып қойылған екен. Содан Пьер Карденмәскеулік эмигранттарға іздеу салып, Нечаева деген атақты актрисаныңШвейцарияда тұратын миллиардер ұлын табады. Ол Карденге «Маған Парижден моламаорын берсең, айырбас жасаймын» деп келісім-шарт жасасып, келісіпті. Бұл жердеадамды мүрдесін өртеп, күлін қояды екен. Ерік те солай қойылды.

– Ерікпен етене араласып, дос болған отандықөнер шеберлерінің пікірлері қандай екен?

–Ерік Құрманғалиевты кімдер таниды, кімдер жақсы араласқан деген сұрау салуымда, мені кері қарай итергендей болды. Әншімен қазақ ішінде жақын араласып,дос-сырлас болған өнер адамдары да жоқ екен. Ол Мәскеуде, шет елде жүрді ғойкөбіне. Мүмкін, аралас-құралас жүруге уақыты болмаған шығар. Әйтсе де, танымалөнер иелерінің Ерік Құрманғалиевке деген ықыластары оң көрінді. Атақты әншіМайра Мұхамедқызы Мәскеуде өткен Халықаралық конкурсқа барғанында Еріктіңрепетицияларына келіп, моральдық қолдау білдіріп, ақыл-кеңес бергенін айтты.КСРО Халық әртісі, атақты әнші Роза Жаманова апамызбен өмірінің соңғыкездерінде кездесіп, Ерік жайлы естелік айтуын сұрағанымда, ол кісі сырқаттаныпжүргенін тілге тиек етіп, «Ерік Құрманғалиев – ғажап талант!» деді бір ауызсөзбен жайлап қана. «Ерік туралы айтыңыздар, жазыңыздар, бұл өте дұрыс!»дегеннен артық ештеңе айтпады.

– «Ерік Құрманғалиев» кітабыңда «атақтыәншінің Алматыда тұратын апасы біраз деректер айтты» депсің.

–Мен Ерік Құрманғалиев туралы баспасөз бетінде біраз жылдан бері сөз қозғапкелемін. Әйтеуір, «жіптің бір ұшы қолға іліне ме, Ерікті білетіндер бар ма?»деген тілек қой. Интернеттегі дереккөздері де бірсарынды. Содан бір күніҚұлсарыда тұратын азамат Телжан Балжігітов хабарласты. Телжан Мәскеугеіссапарға барғанда, Еріктің зиратына барып, топырақ салып, мұсылманшылық ырымынжасапты. Ол маған Алматыда Ернар Ғаббасов атты музыкант досы тұратынын, ол кісіЕріктің Алматыда тұратын апасы Раиса Қуанқызы Құрманғалиевамен жақынараласатынын айтты, осылайша мен Еріктің әкесі Сәлімнің қарындасы РаисаҚұрманғалиева апайдың отбасымен таныстым. Үлкен кісілер Ерікті ешкіміздемегеніне, жоқтаусыз қалғанына іштей ренішті сияқты. Басында ашылыпсөйлемеді. Мені де онша қабылдай қоймаған сыңайлы.Тағы да келерсің, көрерміздеп шығарып салды. Мен оларға Ерік туралы жазған «Талант трагедиясы» аттыкөлемді мақалам жарияланған «Астана» журналын тастап кеткен едім. Тағы бірдеАлматыға барғанымда, ол кісілер маған: «Сен Ерікті көрдің бе? Оның өмірініңқиын болғанын сен қайдан білесің? Мақалаңда тап білетін адамдай жазыпсың» деді.Мен Ерікті өмірімде көрмегенімді, тек түсіме енгенін, содан кейін Еріктіңөмірін зерттей бастағанымды айттым. Мен ақындық интуицияға сенем. Менің ішкітүйсігім Еріктің тағдырын танытып, таразылап жатса, бұл менің ақындықтабиғатымнан шығар деп ойлаймын. Ерік Құрманғалиевтың 60 жылдық мерейтойынаорай, осы кітабымды деректермен толықтырып шығармақпын. Атырауда ЕрікҚұрманғалиевтың тұрған үйі бар, мерейтойына орай ескерткіш тақта қойылса жақсыболар еді деп ойлаймын. Туған жері Құлсарыда музыка мектебіне не мәдениет үйінеЕріктің атын берсе жарасатын сияқты. Күзде Атырауда Ерік Құрманғалиев атындағыхалықаралық вокалистер конкурсы өтеді екен. Оны ұйымдастырып жатқан — «ЕрікҚұрманғалиев қоры».

«Ерік Құрманғалиев» қорын кімдер құрыпжатыр? Туыстары ма?

–Жоқ, туысқандары емес. Оралдық өнержанашырлары.

– Әңгімеңізге рахмет!

 «Музыкатану әлемінің Н.Л.Дорлиак, Александр Лаертский, Дмитрий Бертман,тағы да басқа белгілі өнер қайраткерлері «Дәл Еріктей ән салатын контратеноржоқ. Еріктің дауысы өте жоғары, жұмсақ дауыс. Оның дыбысында өн бойыңдысиқырлап, баурап алатын бір құдірет бар. Мұның сыры – табиғат бергенерекше дауысында, талантында» деп баға берген еді. Ерік – қазақтың маңдайынасыймай кеткен әнші. Елден көп қолдау көре алмаған талант. Көп болмаса да,концерттерге келіп, әндерін шырқап жүрді. Ол фонограммаға сеніп алған эстрадаәншісі емес қой. Көбінесе шет елде гастрольде жүрді. Мен оны шет елдегастрольде жүргенімде көрдім. Талантын өте жоғары бағаладым. Мені де апалап,сыйлап тұратын. Өте қарапайым, биязы, мәдениеті жоғары адам болатын. Өзгелерменқалай сөйлесетінін білмеймін, менімен сөйлескенде дауысын төмендетіп, ақырынсөйлейтін. Мені құрметтегені болар деп ойлаймын. Бірге киноға да түстік. Әлеммойындаған әйгілі әншінің елеусіз қалғаны жанға батады. Өйткені, ол санадан тезұмытылып қалатын көп жұлдыздың бірі емес қой!

БибігүлТӨЛЕГЕНОВА, ҚР Халық әртісі

Тегтер: