Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:54, 25 Шілде 2022

Ерікті жастар – әрқашанда белсенді

None
None

Ерікті болу қай кезеңде де болсн ең маңызды жұмыстың бірі саналады. Әрі еріктілердің қоғамдар орны ерекше.

Себебі, еріктілер жасаған жақсылықтары үшін еңбекақы не қандай да бір материалдық қажеттілікті талап етпейді. Дегенмен де, еріктілердің жасаған жұмыстары елеусіз қалмасын деген мақсатпен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы «Волонтер» жылын қабылдап, еріктілердің еңбек жолын еңбек кітапшасына енгізуге тапсырма берген еді.

Мемлекет басшысы қол қойған кейбір заңнамалық актілерде көптеген өзгерістер енгізілген. Атап айтсақ, волонтерлік яғни, еріктілер қызметі, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстар, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар, әлеуметтік қамсыздандыру мен дәрілік қамтамасыз ету бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздеген болатын. осы заң бойынша еліміздегі азаматтар волонтер болып, қайырымдылық жасауға ұмтылыс жасап, ынталандырылады. Тек ынталандыру шегінде қалып қана қоймай, әлеуметтік па   ййдалы іспен айналысу мәдениетін дамыту үшін қолайлы құқықтық орта қалыптасады. Осы заңның қабылдануы еліміздегі қайырымдылқы пен волонтерліктің одан әрмен дамуына ықпал жасайды.

Сонымен қатар заң бойынша гранттық қаржыландыру процесінің ашықтығы мен үкіметтік емес ұйымдардың әлеуеті, және олардың дамуындағы тұрақтылықты арттырудағы нормалар қарастырыла отырып, халыққа дәрілік заттар мен медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін құқықтық шешімдер де белгіленген. Осындай Мемлекет басшысының соны саясаты елдегі барлық салаларды жан-жақты қамтуға арналады.

Елімізде еріктілер жасағы көбіне жастардан құралған. Оның дәлелі ретінде, соңғы жылдары елімізде бірнеше рет Төтенше жағдайлар қабылданды, сонда Қазақстанның әр өңірінде белді кәсіпкерлердің тарапынан әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға, асыраушысы жоқ балаларға киім-кешек, ыстық тамақтарды белгіленген мекенжайларға таратуда ерікті жастардың қолғабыс көрсетіп жүргендерін талай көзіміз көрді. Одан бөлек, қиын кезеңдердің өзінде тегін бетперделер таратып, науқастар мен тұрғындарға да қол ұшын соза білген еді. Осындай игі істер арқылы еріктілердің белсенділік танытып жүргені жанға шуақ сыйлады.

Одан бөлек, елімізде аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға баспана сыйлау үшін көптеген қайырымдылық қорлары көптеп ашылуда. Мәселен, «Дәулеттен», «Харекет» қайырымдылық қорлары осыған дейін көптеген отбасыға баспана сыйласа, «Ізгілікте жарысайық!», «Жәрдем», «Шуақ», «Біз біргеміз!» қорлары аз қамтылған отбасыларға киім-кешек, азық-түлік пен қамтамасыз етіп келеді.

Сондай-ақ жақсылық жасауда әр өңірдің кәісіпкерлері де ерікті түрде көмек көрсетуден қалыс қалған емес. Ал одан бөлек өңір-өңірлердегі облыс, аудан, ауылдарда қайырымдылыққа қатысты іс-шаралар жалғасын тауып келеді. әсіресе, ауылдың жомарт азаматтары ұйымдаса отырып, бірнеше отбасыға көмек көрсеткенін де жаза кеткен дұрыс. Көптен қайырымдылық көрсетіп жүрген азаматтар «Қайырымдылық жасау, мейірімділік пен жанашырлық көрсету – басты парызымыз. Әрі тек жақсылық жасау арқылы рухани жан-дүниеміз тазарып, әлемді жақсы жағына өзгерте аламыз. Сондай-ақ мұқтаж жандарғаакөмек көрсетіп, қайырымдылық іс-шараларын жасау ежелгі ата-бабамыздан келе жатқан үрдіс» дейді.

Ел президентінің сөзін өздеріне ұран еткен азаматтар қайырымдылық жасау да шексіздік жоқ деп санайды. Сол арқылы аудан-аудандарда «Қайырымдылық істер марафоны» жалғасын тауып келеді. Одан бөлек, қазір қайырымдылыққа қоғам белсенділері мен белгілі журналистер де атсалысып, белсенділік танытып келеді. Мәселен, белгілі журналист Мақсат Толықбай мүмкіндігі шектеулі таксист азамат Ақырысқа оқырмандармен бірлесе отырып, жеке кәсіпкер Дулат Тастекеймен бірге темір тұлпар мінгізген болатын.

Ал жеке азаматтардан бөлек, Алматы қаласы әкімдігі ШЖҚ «Алматы Қала Жарық» МКК-де көп жылдан бері қайырымдылық шараларын өткізіп келеді. іс-шара бірінші кезекте аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдауға бағытталғандықтан, жыл басынан бері көптеген отбасыны азық-түлікпен қамтамасыз етіп келеді.

Тағы бір айта кетерлік жайт, жақында еріктілер дала өрті мен өз бетінше жанудың үштен бір бөлігін жойған болатын. Орталық коммуникациялар қызметі ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісовтің хабарлауынша, министрлік тарапынан еліміздің өртке қарсы қорғанысын жақсарту бойынша еріктілермен біріге отырып, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әрі өрт қауіпсіздігінің алдлын алу тек тексерістен ғана тұрмайды. Яғни, іс-шаралар кешенін жоспарлы іске асыру азаматтық қорғау органдарындағы обьектілердің құрылысы мен өртке қарсы жабдықтарды қайта жаңарту арқылы заманауи талаптарға сәйкес, өрт және құтқару автотехникасын сатып алу болып саналатындығын айтады.

Тегтер: