Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:20, 03 Маусым 2025

Ерлан Қарин: Жүргізіліп жатқан саяси бағыт салмақты қоғамдық қолдауға ие

Ерлан Қарин
Фото: Ақорда

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Орталық Азия — Қытай: аймақтық әріптестіктің жаңа көкжиектері» атты талдау орталықтары V форумының ашылуына қатысты.

 

— Барлық жүзеге асырылған және болашақ реформалар мемлекеттігімізді нығайтуға, барша азаматтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Сондықтан жүргізіліп жатқан саяси бағыт салмақты қоғамдық қолдауға ие. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жүргізген сауалнама деректеріне сәйкес, Қазақстанда азаматтардың 73,3 пайызы, ал Қоғамдық саясат институтының дерегі бойынша азаматтардың 79,5 пайызы еліміз дұрыс бағытта дамып келе жатыр деп санайды. Бұл Қазақстанда мемлекет пен қоғам бірігуінің жоғары деңгейін білдіреді, — деді халықаралық іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген Ерлан Қарин.

Айта кетейік, таяуда елордада Орталық Азия елдері мен Қытай елі медиа саласы мамандарының қатысуымен форум өткен еді.

Тегтер: