Ерлан Нұрпейісов Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды
Ерлан Нұрпейісов Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ерлан Нұрпейісов Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.
Ерлан Нұрпейісов 1971 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы техникалық институтын бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы ІІБ Өрт сөндіру бөлімі өртке қарсы дайындық және өрт сөндіру қызметі, өрт техникасы және байланыс құралдары бөлімінің инженері болып бастады.
1993-1997 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы ІІД Мемлекеттік өртке қарсы қызметі өрт сөндіру бөлімінің инженері, аға инженері.
1997-2000 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызметі материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің аға инженері.
2000-2002 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызметі Жедел басқармасы Өрт сөндіруді ұйымдастыру бөлімінің аға инженері.
2002-2005 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік өртке қарсы қызмет Бас басқармасы Жедел басқармасының Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары бөлімінің бас маманы.
2005-2006 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары бөлімшелерінің қызметін үйлестіру басқармасы бастығының орынбасары.
2006-2007 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы Өртке қарсы қызмет басқармасы бастығының орынбасары.
2007-2012 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы.
2012-2018 жылдары - Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.
2018-2020 жылдары - Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
2020 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы қыркүйекке дейін Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметін атқарды.