Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
19:33, 17 Наурыз 2022

Ерлан Қарин Жастар саясаты жөніндегі кеңестің жаңа құрамдағы алғашқы отырысын өткізді

None
None

2022 жылдың 17 наурызында Алматы қаласында Мемлекеттік хатшы Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің жаңартылған құрамдағы бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды «Жас Алаш».

Кеңестің жаңа құрамына қоғам белсенділері, жас ғалымдар мен кәсіпкерлер, өңір, ауыл және шығармашыл жастар өкілдері, «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелері, түрлі жастар ұйымдарының жетекшілері кірді. Ерлан Қарин өз сөзінде Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі тезистеріне тоқталды. Атап айтқанда, ол жарияланған жаңа президенттік реформалар мемлекеттік құрылыстың келесі кезеңі, Жаңа Қазақстанды құрудың бастау нүктесі және жаңа бастамалар екенін атап өтті. Бұл реформалар азаматтардың, әсіресе, жастардың көңілінен шығуда. Бұл тұрғыда Кеңестің рөлі артып келеді, өйткені оның мүшелері заң жобаларын, тұжырымдамаларды және басқа да стратегиялық құжаттарды талқылауға қатысады деп жоспарлануда.

Мәселен, қазір Парламент Мәжілісінде жастар саясаты туралы заң жобасы бар. Е.Қарин Мәжілістегі жұмыс топтарына Кеңес өкілдерін енгізуді ұсынды. Сонымен қатар, Жастар саясаты кеңесінің жүйелі жұмысы үшін оның жанынан түрлі комитеттер құру жоспарлануда. Отырыста одан әрі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов және «Молодежь» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Әзиз Ысқақов баяндама жасады. Отырыс сұрақ-жауап форматында жалғасып, кеңес мүшелері мемлекеттік органдардың басшыларына өз сұрақтары мен ұсыныстарын айту мүмкіндігіне ие болды.

Тегтер: