Ерлан Қошанов Ақмағамбетоваға 200 миллион бере алмайды

21.01.2019, 22:06

228

Былтыр 2018 жылы Қарағанды облысында 21 интернат жөндеуден өтті. Сол қаражаттың қаншалықты игерілгенін білу мақсатында облыс басшысы Ерлан ҚОШАНОВ Осакаровка ауданына жол тартты.Облыстағы 12 мектеп интернат күрделі жөндеуден өтсе, тоғызында да құрлысшылар жөндеу жұмыстарын жүргізген. Ерлан Қошанов Осакаровка ауданындағы интернаттың жағдайымен танысты. Мұнда жылу жүйесі мүлдем сын көтермеген, одан бөлек сатының салу құрылысы стандарттық нормаға сай келмеген. Ол кемшіліктен бөлек басқада да мәселелер шаш етектен болған. Осылардың барлығын жөнге келтіру үшін, 144 млн. бюджеттен бөлінген. Осындай интернатта көбіне ауыл балалары болғандықтан оларға үйдегідей жағдайы жасалу керек деп бірден аудан әкімі Нүркен ҚОБЖАНОВТЫ сұрақтың астына алды.«Мында оқитындардың көбі ауылдың балалары ғой. Сондықтан оларға үйлерінде тұратындай жағдай жасалуы тиіс. Мен былтыр барлығының жағдайын көргенмін. Міне қараш мыналарды. Барлық интернаттар да осындай жөндеуден өтпеген еді.Молодежныйдағы интернаттың есіктерін жөнге келтірдіңдер ме? Мен ол жаққа да іс сапармен баратын жоспарым бар»,  - деп ескертті Ерлан Жақанұлы.Басшының келуін асыға күткен аудандық білім бөлімі жетекшісі қосымша беру орталығына да жөндеу жүргіссек деп бастама көтерді. Әлбетте оның қаражаты да аз емес.«Біз мына нысанды жөндеуден өткізіп, жаңа заман талабына сай технопарк жобасы көз алдымызда. Кабинеттерде жоғары технологиялық базасы және ІТ индустрия мен зертхана кешендері құрылатын болады. Онымен тоқталмайды, 3D модельдеу және прототиптеу зертханасы, ІТ сынып, STEM лаборатория, коворкинг  студиясы, медия кітапханасы, ғылым мұражайы, робототехника мен қолөнер шеберханасы, сәулет және дизайн студиясы, бағдарламалау, өндірістік дизайн, жаңа жасыл технологиялардың зертханасы, мобильдік планетарий орналастыратын болады» деп ұсыныс тастаған Айнагүл АҚМАҒАМБЕТОВА 200 млн. теңге қаражат сұрады.Алайда, ол ақша аз қаражат болмағандықтан, бюджеттің ақшасын жұмсай бермей аудандағы ауылшарушылық қожалықтарын да демеушілікке тарту керек деген ұсыныс облыс әкімі тарапынан тасталынды.«200 млн деген  аз ақша емес, сондықтан Нүркен Сайфинддинұлы рухани жаңғыру бағдарламасы бар. Бұл жерде фермерлер көп қой. Бидаймен айналысаттындар да бар. Біз де оларға өз тарапымыздан көмек беріп отырмыз. Міне солармен де жұмыс жасаңыздар. Бәлкім, кейбір жерлерді олар өз мойындарына алар. Мүмкін қор құра ма? Енді бұл жерде олардың да балалары оқиды ғой. »100 орындық оқушыларға арналған интернаттың күрделі жөндеуді көргені алғашқы рет. Құрылғаннан бері қаражат бөлінбеген.Фотолар автордікі.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Ораловтың барында...
    06.06.2023, 10:17
  • Ұстағанның қолындағы, тістегеннің аузындағы қазақ ураны
    06.06.2023, 09:46
  • Жалған кәсіпкерлер, алаяқ аналар
    06.06.2023, 09:00
  • Өзбекстан қай жолды таңдады?
    02.06.2023, 10:15
  • Жұманғариннің жиналыстары. Бас шұлғитын әкімдер, орындалмайтын тапсырмалар
    01.06.2023, 10:11