12:59, 29 Наурыз 2023
Ерлан Қошанов қайтадан Мәжіліс төрағасы болды
Мәжіліс төрағасы болып Ерлан Қошанов қайта сайланды. Парламентшілер палатаның бірінші отырысында жасырын дауыс беру арқылы оның кандидатурасын қолдады, — деп хабарлайды Жас Алаш.
Мәжіліс төрағасы лауазымына бір ғана кандидат ұсынылды. Төраға лауазымына үміткерлер бойынша басқа ұсыныстар түскен жоқ.
Парламенттің төменгі палатасы спикерге жасырын дауыс беруі үшін мәжіліс залының фойесінде 6 кабина мен дауыс беруге арналған жәшік орнатылған. 20 минут ішінде депутаттарға дауыс беру үшін бюллетеньдер берілді.
«Бұл бюллетеньде өзіңіз дауыс беріп жатқан кандидаттың аты-жөнінің оң жағындағы „жақтаймын“ немесе „қарсымын“ деген секторлардың үстіне белгі қойыңыз», — деп түсіндірді депутат Наталья Дементьева.