Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:45, 09 Тамыз 2024

Ерлан Тұрғымбаев шартты түрде 5 жылға сотталды

в
Фото: МВД

Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев шартты түрде 5 жылға сотталды. Бұл туралы Астана қалалық соты мәлімдеді.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ауыр зардаптарға әкеп соққан билікті асыра пайдаланды деп айыпталған Тұрғымбаевқа қатысты қылмыстық істі қарады. (ҚР ҚК 362-бабының 4-бөлігі). Бұл іс «ҚҰПИЯ» деген белгімен кінәні мойындау нысанында іс жүргізу келісімімен келіп түсті. Сондықтан оның қаралуы жабық сот отырысында өтті, делінген хабарламада.

Сотта прокурор айыпты қолдап, соттан 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Бұл ретте ҚК-нің 63-бабы негізінде жазаны пробациялық бақылауды белгілей отырып, сол мерзімге шартты түрде деп айқындауды сұрады. Сотталушы кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкініш білдірді, делінген хабарламада.

Сот үкімімен Тұрғымбаев ҚР ҚК 362-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тұрғымбаевқа сыбайлас жемқорлық қылмыс белгілерінсіз айып тағылғандықтан, ҚК 63-бабы негізінде тағайындалған жазаны шартты деп санау туралы шешілді.

Бұл ретте сот сотталушының кінәсін мойындауын, оның шын жүректен өкінуін және алғаш рет қылмыс жасауын да ескерген.

ҚК 49-бабының 2-бөлігіне сәйкес сот Қазақстан Республикасының Президентіне арнаулы атақтан және мемлекеттік наградалардан айыруға ұсыныс енгізу туралы шешім қабылдады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.