Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:31, 14 Ақпан 2025

Ермек Көшербаев Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды

Ермек Көшербаев
Фото: Дидар газеті

Премьер-министрдің орынбасары болып бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарған Ермек Көшербаев тағайындалды.

«Ермек  Көшербаев бұрын атқарған қызметінен босатыла отырып, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын», - делінген жарлық мәтінінде.

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Көшербаевтың кандидатурасы мақұлданған.

Ермек Көшербаев ұзақ уақыт бойы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жүйесінде түрлі қызметтерді атқарған, оның ішінде Швейцариядағы елшілікте де қызмет еткен. Көшербаев Президент Әкімшілігінің кеңесшісі , Президенттің Протокол қызметінің басшысы және Премьер-Министрдің көмекшісі болып жұмыс істеген.

2023 жылғы 16 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Көшербаевты Шығыс Қазақстан облысының әкімі етіп тағайындады.

Бұған дейін Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатылған болатын. Ол Президенттің көмекшісі болып тағайындалды.