09:28, 07 Ақпан 2022
Ермек Нарымбаев Алматы әуежайында ұсталды - прокуратура
Алауыздықты қоздырғаны үшін сотталған Ермек Нарымбаев Алматы әуежайында ұсталды, — деп хабарлайды қалалық прокуратура өкілдері.
Ведомство мәліметінше, Нарымбаев Алматы Халықаралық әуежайында Киев қаласынан келгеннен кейін ұсталған.
«Ол іздеуде жүрген. Айта кетейік, Нарымбаев ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бап „Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру“ бойынша ұсталған болатын. Сот үкімін орындау мақсатында Ермек Нарымбаев тергеу изоляторына қамауға алынды», — делінген хабарламада.