Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:50, 31 Тамыз 2022

Ернар Чимбаев Мәскеуден жүлдемен оралды

None
None

Бильярдтан екі дүркін әлем чемпионы Ернар Чимбаев тағы да жүлделі орынды қанжығасына байлады.

Яғни, 23-27 тамызда Мәскеуде бильярд спорты бойынша «Әлем кубогы» – Кремль кубогы мәртебесі бар халықаралық турнир өткен болатын. Аталмыш турнирге әлемнің 9 елінен, яғни, Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Украина, Армения, Молдова, Өзбекстан, Корея елдерінен 392 адам қатысқан. Ойын 3 пән (Біріктірілген пирамида, еркін пирамида және бассейн) бойынша өткізілді.

Ал біздің елімізден 11 спортшы қатысып,  «Құрама пирамида» (215 қатысушы) бойынша Кремль кубогын жерлесіміз, Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының мүшесі, екі дүркін әлем чемпионы, МСМК Ернар Чимбаев финалда Қырғызстанның МСМК спортшысы Дастан Лепшақовты 5:2 есебімен жеңіп алды.

Осылайша, 1 орын – Ернар Шымбаевқа (Қазақстан), 2 орын – Дастан Лепшақовқа (Қырғызстан), 3 орын — Павел Плотниковке (Ресей), 3 орын – Ызатбек Ратбековқа (Қырғызстан) бұйырды.

Тегтер: