Ертең елімізде футбол маусымы қайта жалғасады

Шілденің1-інде Қазақстан премьер-лигасында өнер көрсететін 11 команда доп тебугемүмкіндік алады.
Пандемияға байланысты тоқтап қалған жарыс қайта жалғасады.Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы сондай шешімге келді. Қауымдастық оны бекітті.Бірақ шетін мәселелер жетіп-артылады. Қисынына қарай ретінкелтірмесе, дода тағы кібіртіктейді және әлгі жағдайлардың жасыл алаңдайындығына еш қатысы жоқ. Тиісті комиссия бірнеше қаланы аралап, стадиондарысын көтереді деген пәтуаға келген. Сонда бізді алаңдататын не? Әлбетте,қауіпсіздік мәселесі. Командалар санитарлық талаптарды сақтай ала ма,коронавирус жұқтырған ойыншылардың бар-жоғын кім түстеп, деректерін кіманықтайды? ПТР тапсыру ісіне салақ қарасақ ше? КФЛ бәрін бақылауда ұстағысыкеледі. Соған шамасы жете ме, өзі? Біз түгіл, мынау Ресейде кілтипан көбейіпкетті. Чемпионаты жалғасқалы бері айқай-шу. Бір-біріне ренжіген жұрт, жұртболғанда да, аяқдоп шаруашылығының айналасындағылар.
Көрермендерде, әсіресе тамыз айында Еуропа жарысына түсетін отандық командалар біріншіліктіңтап қазір жалғасуын қалап отыр. Жанкүйерге футбол керек. Әлгі командаларғажауапты ойындар алдында бап жинау қажет. Екі жарым ай бойы аяғын салқындатқанфутболшылар да доп тебуді сағынған әрі бәсекеге дайын секілді. Құйысқанныңкөтерілетін жөні бар. Оның үстіне көптеген елдер төл чемпионаттарын өткізебастады. Бундеслига ақтап та үлгерді. Чемпионы баяғы «Бавария». Англиядачемпион анықталды. Осыдан 30 жыл бұрын АПЛ алтын медалін тағынған «Ливерпуль»биыл сол атаққа қайта қол жеткізді. Юрген Клопп шәкірттері бірнеше тур бұрынтоп жарды. Испанияда кімнің озатыны әлі белгісіз. «Реал» мен «Барселона»«құйрық тістесіп» келеді. Италияда әзірше «Ювентус» жүйрік саналады. Бірақ өкшебасып келе жатқан қарсыластары да аз емес. Ресей апта ішінде екі турды артқатастады. Бірақ ол жақта мәселе шаш етектен. Қазақстандық Бақтияр Зайнутдиновөнер көрсететін «Ростов» сапынан қауіпті вирус жұқтырған ойыншы анықталып,Валерий Карпин жаттықтыратын команда Сочиге жасөспірімдер құрамын жіберугемәжбүр болды және олар жергілікті «Сочиден» тас-талқан боп ұтылды. Есеп – 1:10.Мұрты енді тебіндегендер апайтөс жігіттерге қалай төтеп берсін? Мәскеу«Динамосы» да дәл сондай себеппен турды қосалқы құраммен өткізуге мәжбүр еді.«Краснодар» жомарттық танытып, ойынды кейінге шегеруге келісіпті.
Одан берітағы бір тур ойналды. «Ростов» ойыншылары сақайып кетті ме, «Арсеналға» қарсынегізгі құраммен шықты және 2:1 есебімен жеңіске жетті. Тағы да түсінуге қиынсоғатын, карантин талабына қиыспайтын жағдай орын алды. Он төрт күн емес,үш-төрт күн ішінде Бақтиярлар ойынға дайын болып шықты. Жалпы тыйымға сай,ойыншылар сол күндері тек оқшау жүрулері тиіс еді ғой. Ол шарттан бас тартқанжайы бар. Тіпті жаттығу жасады деген де сөз жүр. Жарайды, ол өздерініңміні немесе мұңы. Ал «Динамо» ЦСКА-ға қарсы өнер көрсетті. Матчтаесеп ашылған жоқ. Әлгі оқшаулануы тиіс дегендері де доп тепті. Сонда РПЛ қатаңбақылауға алады дегені қайда? Ресейдегі әріптестер «әлгі ұйым бәріне қолсілтеген секілді» депті. Өзгенің жыртысын жыртуға құмар емеспіз. Біздің елқандай бағыт ұстанады, санитарлық дәрігердің әмірі оларға жүре ме, соны ойлапотырмыз.
Әңгімені алыстан бастаудың себебі де осында.Біздің ел қайтер екен? Ұзынқұлақтан естиміз. Тұмауратып қалған футболшыларқазақстандық командалар сапында да бар көрінеді. Олардың нақты диагноздарықандай? Білмейтіндер бірнеше жорамал ұсынады. Білетіндері иықтарын көтереді.Біз ғой, шындықты білмей-ақ қоялық. Біріншілікті ұйымдастырушылар қандай бағытұстайды? КФЛ не дейді? Айтпақшы, Қазақстандағы кәсіпқой футбол лигасы бірнешеереже бекітті. Алаң жиегінде тек бас бапкер мен оның көмекшісі, сосын командадәрігері ғана отырады. Қосалқы құрамдағы ойыншылар трибунаға көшеді. Арақашықтықтысақтай отырып жайғасады. Бетте маска болуы міндетті. Бірреттік қолғап киетініжәне бар. Негізгі құрам да жапа-тармағай емес, араларына орын тастап барыпалаңға беттейді. Екі команданың бірге шығуына тыйым салынған. Стадиондахабарлама жасалмайды. Матч кезінде үш рет үзіліс болады. ФИФА пандемия кезіндебес ойыншыға дейін алмастыруға рұқсат берді. Ол заңдылық сақталар. Ал қауіптівирустың белең алып тұрғаны жасырын емес. Егер жарыс басталғаннан кейінойыншылардан коронавирус анықталса ше? Оның жеке жаттықпағаны, жалғыз өзіфутбол ойнамағаны белгілі. Сонда не істелінуі тиіс? Команда карантинге кеттіделік. Онда кезекті тур ойындарын қашан өткізеді? Онсыз да үшінші айналымдыалып тастады. Сонда биылғы біріншілік қысқа дейін созыла ма? «Бәрін уақыт көрсетеді»дейді сарапшылар.
«Қайраттағы» махаббатмейрамы
Алматының «Қайраты» Вагнер Лавпенкелісімшартқа отырыпты. Бразилия футболшысының өкілі Эвандру Ферейра әлгіхабарды сүйіншіледі. Қайрат Боранбаев та 36 жастағы ойыншыны команда құрамынақосып алғанын айтты. Бұл біз білетін Вагнер еді. Вагнер Силва де Соуза 2004жылы Мәскеудің ЦСКА командасының жейдесін киді. Содан табан аудармай сегіз жылдоп тепті. Ресейдің үш дүркін чемпионы атанды. Тіпті армияшылар сапындағы УЕФАкубогының иегері саналады. ЦСКА-да 158 ойын өткізіп, 79 гол соқты.Қызметі – шабуылшы. Қызуқанды деуге келмейді. Футбол техникасын бір кісідеймеңгерген. Сегіз жылдан кейін «Палмейрасқа» ауысты. Одан «Фламенгода» ойнады.Қытай барды. Ресейге қайта келді. Сәл уақыт Францияны саялап, Түркиябіріншілігінде доп тепті. Соңғы уақытта «Коринтинаста» өнер көрсетті. 28 матчқақатысып, бес гол соққан. Ол енді шабуылшы үшін мәз көрсеткіш саналмайды.Коронавирус басталғалы талай команданың басы қатқаны анық. Қаржы жағынанқысылды. Вагнер Лавты қазір кежегесі кейін тартып тұрған ЦСКА үшінші рет қайташақырған. Бүгін-ертең бұйрық шығып қалар дегенде, Эвандрудың әлгі сөзі естілді.Ресейлік командадан Вагнер Лав делдалдары 300 мыңдай евро сұраған көрінеді. Шабуылшыныңжалақысы 800 мың евро деген де сөз шықты.
«Махаббат»аталған ойыншы «Қайратқа» қажет пе? Есім-сойында тұрған ештеңе жоқ. Махаббатдеген әкімге де бағынған елміз, ештеңе етпес. Сол Вагнер футболыңды сойқансалып ойнап бере ме? Тур сайын солқылдатып гол соғуға қауқарлы ма? Көрерменбаруға болмайтын біріншілікте қазір қымбат ойыншыны алдырудың не қызығы бар?Мейрам қай көшеде екені белгілі. Даңқты ойыншыны шақырып, даңқын шығарғысыкелген Боранбаев не мақсат ұстанып отыр? Шабуылшы жартылай қорғаушы көмегінезәру. Вагнеріңіз допты жетекке ала жөнеліп, кез келген қорғаныс шебін бұзыпөтіп кете бермейді. Ол алаңды көре біледі. Дұрыс ашылады. Бірақ соның қимылынбағып, дұрыс пас беретін футболшы бар ма қазіргі «Қайратта»? Баяғы ИсаэльБарбоза жоқ. Бауыржан Исламхан да Лавтың лап қоюына мүмкіндік тудырар еді.Вагнердің өзіндік мінезі бар. Арқадан қаққанға шаттана салмайды. Футболдағы мансабыаяқталып келеді. Ақша аямайтын қожайын іздегені анық. Қомақты қаржыны қалтағабасқанда ғана күлкісін түзеп, құжатын түзеп беретіні анық. Ішіп-жемі, жатынорны демейік, жалақысы қанша? Экономикаға пандемия әсер етіп тұрғанда біздіңфутболға бұл «Махаббат» не береді?
Сұрақ көп. Қайраттың өз арманы бар.«Қайраттың» чемпион болғанын көргісі келеді. Баяғы Вагнер Лав болса, біз деептеп қостайтын едік. Ол, шынында да, сойқан шабуылшы еді. Рикадо Карвальоұсынған допты еркіне көндіріп, еркін гол соғушы еді. Роллан Гусевтің пасынан дашашау шығармайтын. Әрине, мықты футболшының чемпионатта жүргені жақсы ғой.Қазір ше, Латын Америкаңыз коронавирустың жаңа ошағы болып отыр. Бразилия көшбастаушылар қатарында. Футболшыны біздің ел кіргізе ме, өзі? Шекарашартына тола ма, заң не дейді? Әлемнің көптеген елдері Бразилиядан қонақкелгенін қаламайды. Тіпті еріксіз жеткендердің өзін апталап карантинге жабады.Ол жағы тағы бар. Бәлкім, бір мәнісі болар. Не десеңіз де, Қайрекеңе ұнағанВагнер-Махаббаттың бағы бар.
Сыйға – сый, сыйлыққа –жейде
2 шілде – Бүкіләлемдік спорт журналистерініңкүні. Бұл мереке 1995 жылдан бері аталып
жүр. Дүниежүзі жете мән береді.Байқаулар өтеді. Қаламының сиясы спортқа малынғандар
марапатталады. Тағы бірдерек. Дерек дегенде, әлгі датаның біздің дипломаттарға да
қатысы бар. 2 шілдекүні елшілік қызметтегілер өз мерекесін ұйымдастырады. Ол да 28
жылдан беріжолынан жаңылмай келе жатқан дәстүр. Дәстүр демекші, сыртқы саясат
сырттандарына ғана тән тағы бір әдет қалыптасыпты. Әрбір елдің өкілдерітаңдаулы
клубтардың, айтулы командалардың ойын жейдесін бір-біріне тарту етедіекен. «Елшілік
аралы» деп айдар тағылған шараға Қазақстан спорт журналистеріқауымдастығының
басшысы Ілияс Омаров та қатысып, әлемдік саяси аренасеркелеріне өз кәдесыйын
ұсыныпты. Мысалы, «Барыс» хоккейшілері мен «Астана»футболшыларының жейдесі
Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің немесеФинляндия президенті Сауле
Ниинистёден табылып жатса таңғалмаңыз. Ресей сыртқыістер министрі Сергей Лавров та
«Барыс» жанкүйеріне айналып шыға келді.«Қайратқа» бүйрегі бұратындар қатарында да
біраз әлемдік деңгейдегі саясиқайраткерлер бар. БҰҰ Бас ассамблеясының 72-ші бас
хатшысы Мирослав Лайчак, Аргентина сыртқы істер министрі Эктор Тиммерман, Венгрия
уәзірі Петер Сийярто да қазір Алматыда футбол командасы бар екенін, оның«Қайрат»
аталатынын жақсы біледі. Ослодан телефон соққан Ілияс Омаров: «Қазақспортының
беделі жоғары, шетелдіктер жекелеген спорт түріндегі тарландардытүгел таниды. Енді
клубтар мен командаларды насихаттайтын кез келді», – дейкеле, ойын былай өрбітті:
– «Спорт – бейбітшілік елшісі» дейміз.«Джерси дипломатия» аталған мерекені ести салып, біз де өз командаларымыздытанытудың сәті түсті деп түсіндік. Қолымызға түскен «Астана» мен «Қайраттың»және «Барыстың» ойын жейдесін саясаткерлерге ұстаттық. Канада сыртқы істерминистрі Джон Бэрд біздің елдегі хоккей командасын енді жақсы біледі дер едім.
– Тексаясат серкелері ғана емес, ФИФА басшысы да сол жейделердің біріне иелік еттідеп естідік қой.
– Ол да анық ақпарат. Дүниежүзілік футболқауымдастығының президенті Джованни Инфантиноның иығына реті келгендеҚазақ елінің қос командасының жейдесін жапқанбыз. Қонаққа шапан беретін елдіңбаласымыз ғой. Спорт насихатшысы болған соң, клубтарымыздың жейдесінеөзгелердің көзі үйрене берсін деген ой ғой, біздікі.
– Жейдеберіп қана қоймай, сол командалар туралы екі ауыз сөз де айтылатын шығар?
– Әрине, әсіресе дипломаттар елгезек жандар,алған затына мән береді. Оның тарихын сұрайды. «Ары қарай өзіміз де біліпаламыз» дейтіндер кездеседі. Егер Еуропа көшелерінен қазақ футболшыларыныңжейдесін киген президент немесе сыртқы істер министрін көрсеңіздер таңғалмаңыздар.
– Бауыржанды кім шақырар екен?
– Бауыржан Исламхан енді қай жақта доп тебуімүмкін? Қазақстан құрама командасының жартылай қорғаушысы пандемияға дейін«Әл-Айн» сапында өнер көрсетті. Біріккен Араб Әмірліктеріндегі кезектічемпионат соңына жетпей аяқталған. Анығында, коронавирустың өршуіне байланыстыеріксіз тоқтатуға тура келді. Бауыржан ауылға қайтты. Бірер күн бұрын«Әл-Айнның» директорлар кеңесіне кіретін Моджед Әл-Овайс: «Шілде айының ортасындакоманда жаңа маусымға дайындықты бастайды. Футболшылар алдымен медициналықтексеруден өтеді. Кейін жұмыс жоспарымен танысады», – деп мәлімдеді. Исламханныңкоманда сапында қалу-қалмауы екіталай. Бас бапкер Педру Эмануэл Бауыржандысыртқа жібергісі келмейтін сыңайлы. Түптеп келгенде бәрін қаржы шешеді.«Әл-Айн» ақшадан қысылатын команда емес. Біздің Бауыржанға қанша төлейді?Мәселе сонда болса керек. Кейбір басылымдар «Қазақстан құрамасының белдіойыншысына «Рубин» қызығады» деп жазды. Команданың бас жаттықтырушысы ЛеонидСлуцкий тіс жарып ештеңе айтпапты.
АсқарХАМИДЕНОВ:
«Астана»ойнайтын жер табады
«Қазақстанның бірнеше дүркінчемпиондары үйдегі ойынын қайда өткізетіні белгісіз» деген ақпар тарады.Команда басшыларының бірі Михиал Гурман «бізге Талғарда орналасқан Қазақстанқұрамасының оқу-жаттығу алаңы ыңғайлы» деген болатын. Алайда КФЛ әлгі стадиондыойын өткізуге жарамсыз деп таныпты. Енді қайда доп тебетінін «Астана» клубыныңбаспасөз хатшысы Асқар Хамединовтан сұрап білдік.
– «Астанаға»алаң табылады. Оған алаңдауға еш негіз жоқ. Тіпті сол Талғарда өнер көрсетіпқалуымыз да мүмкін. Жарыс өткізуге жауапты мамандарға не жақпағанын анықтапбілеміз. Әйтпесе өзіміз көктемде доп тепкен алаң дайын тұр. Көкшетауды да қарапкөрдік. «Ертіс» біріншіліктен шығып қалды. Демек, 1 шілде күні біз ешкімменойнамаймыз. 5 шілдеде Қостанайда «Тобылмен» кездесеміз. Одан кейінгі қарсылас –«Оқжетпес». Бұл матч 11 шілдеге белгіленген. Сол ойынға дейін алаң мәселесішешіледі. Алтыншы турды Алматыда «Қайратқа» қарсы өткіземіз. 19 шілдеге дейін«Астана Арена» дайын болып қалатын шығар деген үміттеміз. Қазір барлықфутболшылар дайындық үстінде. Баптарын жоғалта қоймаған шығар. Дегенмен ұзақүзіліс командалық, комбинациялық ойынға әсер етеді. Бір-екі турдан кейін бәріқалпына келуі тиіс.
Бет қатталыпжатқанда:
«Қайсар»командасының 10 ойыншысынан коронавирус анықталды», -деген ақпар шықты. Басбапкер Стойчо Младенов оны растап, күнделікті жаттығу тоқтағанын айтыпты. Ал,біз Ерасыл Шәрібектен сұрағанымызда, «Қандай да бір нақты дерек айтуға әліерте. Күмән тудырған ойыншылар оқшауланды. Тиісті шаралар қолға алынды. 1 шілдекүні «Таразбен» сынға түсеміз бе, оны КФЛ шешеді», — деді.
Амангелді СЕЙТІХАН