Ертіс орманында өрт тағы да ұлғайды
Павлодар облысында «Ертіс орманы» табиғи резерватының аумағында орман өрті ұлғайып жатыр.
Оның аумағы 600-ден 850-ге жуық гектарға артты. Бұл туралы Павлодар облысының баспасөз қызметі хабарлады.
Өртті сөндіруге жеке құрамның 329 адамы мен 101 техникасы, екі МИ-8 ұшағы мен Төтенше жағдайлар министрлігінің бір «Еврокоптері» жұмылдырылған.
«Сонымен қатар сағат 5:13-те Семейден Қорғаныс министрлігінің екі МИ-17, МИ-171 ұшағы келді. Сағат 7:30-да Төтенше жағдайлар министрі мен облыс әкімі рейсті аяқтады. Өрттің белсенді фазасы Бауыртау орманшылығының 98-орамында орын алуда», — деп хабарлады министрлік.
Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Бұған дейін «Ертіс орманының» баспасөз қызметі қорық аумағындағы орман өрті төңірегіндегі жағдайдың күрделеніп бара жатқанын, өрт Дала орман шаруашылығының 19, 20, 21,18, 4-8 және 119- орамдарын қамтығанын хабарлаған болатын. Сүгір ауылында жедел штаб құрылған.