Ертісбаев: Нұр-Сұлтан сияқты дефиспен «Алма-Ата» деп жазылуы керек

Соңғы алты жыл бойыГрузия, Белорусь елдерінде елші болған Ермұхамбет ЕРТІСБАЕВ Қазақстанға оралды.
Бұған дейін президенттің кеңесшісі Ерлан ҚАРИН оның әлі де саяси сапта екенінайтқан. Бірақ, Ертісбаев Tengrinews.kzсайтына берген сұхбатында өзінің демобилизацияланғанын айтады.
Өмір бақи жұмысістегенін, енді демалысқа кеткісі келетінін айтқан Ертісбаев сұхбатыныңбасынан-аяғына дейін экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ еңбегі жайлысөйлепті. Тіпті, дәл осы сұхбатты өзінің сүйікті Елбасы туралы айту үшінбергендей көрінді.
Сұхбат басындаөзінің елге оралуын – Назарбаев президенттіктен кеткен кезде қабылданған жекешешімі екенін айта келіп: «Назарбаевболмаса соңғы ширек ғасырдағыдай жарқын, мазмұнды өмір сүре алмас едім. Ол меніқашан да қолдап, көтеріп отырды», дейді.
Бұдан арғы сөзіндеде біздің «Конституция бойынша Президенттің ар-намысына тіл тигізугеболмайтынын ұмытып кеткенімізді» айта келіп, Тоқаев Назарбаевтың кезіндегібағытты ұстанса ғана елді жақсылықтарға жеткізетінін ескертіпті. Және, өзіболмаған 7 жыл ішінде Қазақстанның есейгенін алға тартады. Оның ойынша,Қазақстан – 1991 жылы өмірге келген сәби. Басында проблемасы көп бала болған,қазір өз алдына өмір сүре алатындай ересек адам. Ал, Назарбаев, әлбетте, оныңсөзімен алғанда — «государственный муж». Ол осы елдің отағасы, барлықдүниені сол жасаған. Ол болмаса...
Қысқасы, сұхбаттыңнегізгі интонациясы осы бір сөзге саяды. Қазақстандағы тыныштық, бейбітшілікмәселесін сөз етеді. Біздің шенеуніктер секілді тыныштық сақтамаған көршімізҚырғызстан не болды, Украина не болды дей келіп, Әзірбайжан, Молдованың қиынжағдайына, тәжіктер мен өзбектердің тентіреп кеткеніне биіктен қарап отырып,баға береді. Біздегі тұрақтылық – тек Назарбаевтың арқасы.
Ертісбаевсұхбатында соңғы кезде ерекше көзге түсіп, жақсы нәтижеге жеткен шенеуніктержайлы да бірқатар жылы-жылы сөздер айтады. Асқар МАМИН (министрліктердіңбасқарып отырған соншама жұмысына қарамай Арысқа жиі барып тұрыпты), ҚанатБОЗЫМБАЕВ, Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ (ол да Ертісбаев оқыған Қарағанды университетінбітіріпті, жаман болмауы керек), Бердібек САПАРБАЕВ сияқты шенеуніктер.
Одан кейін, негеекенін Алматы қаласы жайлы кеңінен толғапты. Басында зейнет жасына шыққан соңАлматыда тұрғысы келген екен ғой деп ойлап едік, сөйтсек, оның ойы мүлде басқаболып шықты. Ертісбаев Алматының атын өзгертуді ұсынады. Әрине, алдыменАлматының соңғы жылдары қатты өзгергенін, алматылықтар қыдыру үшін қаладаналысқа ұзап әуре болмайтынын айтып, бұрынғы әкім Бауыржан БАЙБЕКТІ біраз мақтап алып, қазіргі әкім БақытжанСАҒЫНТАЕВҚА сол бағытты ұстануды (Тоқаевтың Назарбаев жолын жалғастырғанысекілді!) ескертеді. Сосын, күтпеген жерден Алматының атын өзгерту! Бұрынғыатын қайтару керек. Алма-Ата! Елдің құлағы үйренген, сүйікті атау (?). 7 жылсыртта жүріп елді сағынған екен ғой деп, елге келген соң көңілінде ностальгияпайда болған шығар деп, оқып өте шықпақ едік… Түпкі ойы таңданбасқа қоймады.Оның ойынша, Астананың атауы Нұр-Сұлтан болып өзгеріп, дефиспен жазылған соң,Алматы да дефиспен «Алма-Ата» болып жазылу керек. Қызық байлам...
Сұхбат соңындахалықтың қашан да күшті билікті сыйлағанын (қорыққанынан деп түсінуге болады),әлсіз билікті сынағанын айтқан шенеунік билік транзиті жайлы бір ой айтады:
«Біз билікті тапсырудың өзгеше үлгісін таңдадық, Елбасымемлекеттік саяси аренадан бірте-бірте, этап бойынша кетеді».
Өкініштісі, қазірқай этапта тұрғанымызды айтпапты.
Әлбетте, Назарбаевтуралы сонша сөйлегенде қазіргі президент туралы ұмытуға болмайтынын Ертісбаевжақсы біледі, сөз соңында елге оралуын тездеткен Қасым-Жомарт ТОҚАЕВҚА алғысайтады.
Фото: holanews.kz