Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:17, 15 Шілде 2024

«Ертіс Орманының» басшылары қылмыстық топ құрды деп айыпталды

в
Фото: ашық дереккөз

Павлодар облысында «Ертіс Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

Күдіктілер аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырумен және лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланумен байланысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу бойынша айыпталды. Шарбақты ауданының аумағында «Ертіс Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының бас директоры бастаған ұйымдасқан қылмыстық топ 2022 жылдың сәуірі мен 2023 жылдың желтоқсаны аралығында технологиялық және отын ағаштары түріндегі іскерлік сүректі заңсыз сату арқылы шамамен 153 млн теңге сомаға орман ұрлаған, делінген хабарламада.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары соттың санкциясымен қамауға алынды.

Тегтер: