Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:34, 06 Наурыз 2023

ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ акциясы жалғасуда

None
None

Түркістан облыстық «AMANAT»  партиясы сайлауалды штаб мүшесі Қалыйма Жантөреева Сауран ауданының тұрғындарымен кездесіп, «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясын өткізді.

Жүздесуде жүйелі жоспарлар түсіндіріліп, өз кезегінде қалың бұқара өзекті мәселерін ортаға салды.      «Партия белгілеген 10 бағыт бұдан бөлек, білім, ауыл шаруашылығы, ұрпақ тәрбиесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, тіл мәртебесі, жалпы, барлық саладағы мәселелерді шешуді көздейді. Яғни, «AMANAT» партиясы әрдайым еліміздің өркендеуі үшін еңбек етеді. „AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» сайлауалды бағдарламасында нақты 10 бағыт қарастырылған. Соның алғашқы бағыты — “Бақуатты өмір, лайықты жұмыс пен еңбек жағдайы» деп аталады. Яғни, еліміздің әрбір азаматын жұмыспен қамтып, жалақы деңгейін көтеру.  Біз партия тарапынан  әлеуметтің әлеуетін арттырып, ел экономикасын еселеуге үлес қосамыз. Алдағы сайлауда белсенділік танытып, жүйелі бағдарламасы мен нақты мақсаты бар «AMANAT» партиясына және Партия атынан сайлауға түсіп жатқан кандидаттарға дауыс беруге шақырамын — деді Қалыйма Жантөреева. 

       Сонымен қатар, бұл саяси науқанның мемлекет пен қоғам үшін де, әр отбасы мен әр азаматтың болашағы үшін де маңызы зор, мәні терең. Біз жаңа дәуірде, оң өзгерістер кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың түбегейлі реформалары азаматтарымыздың күмәнсіз, толық қолдауына ие болды. Үмітін оятып, сенімін нығайтты.  «AMANAT» партиясы Президенттің қоғамдық тірегі ретінде, осы реформаларды іске асыру жолында  барлық күш-жігерін, қарым-қабілетін жұмсайтын болады» — деді штаб мүшесі.  Кездесу соңында кандидат барша азамат күш біріктіре жұмыс істегенде ғана еліміз дамитынын айтып, алдағы саяси додада «AMANAT» партиясын қолдауға шақырды.                                                                           Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған „AMANAT“ партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Тегтер: