"Ескі салттың кесірі": жойқын жол апатынан бойжеткен көз жұмды

Алматы облысында Mercedes-Benz көлігі апатқа ұшырап, салдарынан көліктегі жолаушы қыз оқиға орнында қаза тапты.
Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.
Оқиға 24 мамыр күні шамамен сағат 18:00 шамасында Үлкен Алматы айналма автомобиль жолында (ҮАААЖ) болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, KIA маркалы автокөліктің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін сақтамай, Mercedes-Benz көлігімен жанама соқтығысқан. Қатты соққыдан кейін Mercedes-Benz жол жиегіне аударылып кеткен.
Жол апаты салдарынан Mercedes-Benz көлігінің жолаушыларының бірі – бойжеткен алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды. Тағы үш адам, соның ішінде жүргізуші мен екі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
KIA көлігінің жүргізушісі оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалып, жол-көлік оқиғасының нақты себептері анықталуда.
Бұл жағдай қоғам назарын тағы да жол қауіпсіздігі, әсіресе жастар арасында орын алатын заңсыз әрекеттер мен жоғары жылдамдықпен қозғалу мәселелеріне аударды. Құқық қорғау органдары тергеу нәтижелері бойынша қосымша ақпарат берілетінін хабарлады.
«Көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», - деп мәлімдеді полиция.