Ескерткіштер есте жүретіндей жасалуы тиіс
Тәуелсіздік алған жылдары еліміздегіескерткіштер саны еселеп артты.
Әсіресе бұрын есімдерін атауға рұқсат етілмеген,қазақтың бостандығы мен азаттығы жолында азап шеккен тұлғаларға көптегенескерткіштер қойылып, олардың есімдерін жас ұрпаққа жете танытып жатырмыз. Алайдаосы ескерткіштердің кейбірі мүсін өнері тұрғысынан қарағанда сын көтермейді.Бір қайнауы жетіспейтіні – бір-біріне қатты ұқсап кеткен салт аттылар мендомбыра ұстағандар көп. Ескерткіштер белгілі бір оқиғаны есте қалдыру үшін деқойылады. Триумфалды аркалар мен бағаналар, мемориалдық кешендер, тұғырғақойылған көлік немесе қару-жарақ құралдарының қаңқалары, естелік тақтайшаларжәне т.б. осыған жатады.
Еліміздің оңтүстік астанасы – Алматықаласында 2018 жылғы 19 қараша мен 19 желтоқсан аралығында Мәдениет жәнеархивтер басқармасы «Төлеген мен Қыз Жібек» ескерткішінің ең үздік жобасынаашық конкурс жариялайды делінген еді. Содан бері бір жылдан асты, ескерткішқашан орнатылатынын төл басылымымыз «Ана тіліне» жарияласа дейміз.
Кейбір басылымдарда жарияланып жатқан ұсыныстаркөңілге қонады. Қоғам қайраткері, ақын Әкім Ысқақ «Баубек Бұлқышев пен МұқанИманжановтың 100 жылдығына орай ескерткіш орнатылса, ол Алматыдағы Жастартеатры ғимараты алдында орнатылса» деген ұсынысын айтты. Осы басылымда белгіліәнші, өнертанушы Ерлан Төлеутай «Хабиба апаның арманы» атты мақаласында: «Олкісі өзінің екі арманы жайлы жиі айтушы еді. Біріншісі – қазақ театр және киноөнерінің негізін салған көрнекті тұлғаларға Алматы қаласынан мұражай салынса,қаланың көрікті аллеяларының бірінен орын беріліп, сол жерде атақты 16өнерпазға ескерткіш ансамбль орнатылса деуші еді. Олар: Құрманбек Жандарбеков,Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов, ЖүсіпбекЕлебеков, Ғарифолла Құрманғалиев, Шәкен Айманов, Қанабек Байсейітов, КүләшБайсейітова, Шара Жиенқұлова, Асқар Тоқпанов, Әзірбайжан Мәмбетов, ЫдырысНоғайбаев, Фарида Шәріпова, Хадиша Бөкеева және Сәбира Майқанова. Актрисаныңбір арманы Жүсекең екеуі тұрған үйді Жүсіпбек Елебековтің музей-үйіне айналдыруеді. Хабиба апа арманы жүзеге асса, нұр үстіне нұр болар еді», – дейді.
«Алматы ақшамы» газетінің 2018 жылғы 28тамыз күнгі нөмірінен Жанар Әбдішованың «Тұманбайдың көшесінде жүріп,ескерткішін көргім келеді» атты мақаласын оқыдым. Мақала авторы өте орындымәселе көтерген.
Ақтөбе қаласында Тахауи Ахтанов пенҚуандық Шаңғытбаевқа, Атырау қаласында Әбу Сәрсенбаев пен ЖұмекенНәжімеденовке, Орал қаласында Жұбан Молдағалиев пен Қадыр Мырзалиевке,Қарағанды қаласында Ғабиден Мұстафин мен Қасым Аманжоловқа, Семей қаласындаМұхтар Әуезов пен Оралхан Бөкейге, Көкшетау қаласында Мәлік Ғабдуллин мен ІлиясЕсенберлинге, Петропавл қаласында Мағжан Жұмабаев пен Сәбит Мұқановқа, Павлодарқаласында Жүсіпбек Аймауытов пен Сұлтанмахмұт Торайғыровқа, Ақтау қаласындаӘбіш Кекілбаев пен Хамит Ерғалиевке ескерткіш орнатылды. Біздіңұсыныс-тілегіміз – Алматы қаласындағы Гоголь көшесіне Тұманбай Молдағалиевесімін беріп, осы көшенің бойына ақын ескерткіші орнатылса, нұр үстіне нұрболар еді.
Оспанхан Әубәкіров есімі Алматы емес, исіқазаққа мәшһүр. Өкінішке қарай, оның есімі де еленбей тұр. Алматыдағы мағынасыжоқ атаулы бір көшеге есімін беріп, қаланың көрікті жеріне немесе есімін бергенмектеп алдына ескерткішін қойса деген тілегіміз бар.
Биыл елімізде қазақтың ұлы ақыны, ойшылыАбай Құнанбайұлының 175 жылдығы мен екінші Аристотель атанған ғұлама ойшыл ӘбуНасыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы кеңінен аталып өтеді. Осы мерейтойға орай, АбайҚұнанбайұлының ескерткішін Павлодар мен Көкшетау қаласында, Шымкент пенҚарағанды қаласында орнатуға қаражат қарастырылды. Әбу Насыр әл-Фарабибабамызға ескерткішті Астана мен Шымкент қаласында орнату туралы шешім шығарды.Биыл ұлы бабамызға ескерткіш Тараз бен Түркістан қаласында орнатылса дегенұсыныс-тілегіміз бар.
Елбасы – тұңғыш президент Н.НазарбаевҚазақстанның болашағын «Мәңгілік ел» идеясымен байланыстырғанда алдыңғыорындардың біріне ұлттың тарихи санасын қояды. Ұлттың тарихи жады неғұрлымтерең, тарихи санасының тамыры неғұрлым берік болған сайын әрбір адамның да,қоғамның да рухани әлемі кең, таза болады. Бүгінді танып, болашақты барлау үшінөткенді білу қажет. Әсіресе халқының қамын жеп, ұлтының ертеңіне қалтқысызқызмет еткен, ел тарихында аты мәңгі өшпейтін дара тұлғалардың тағылымға толыөмір жолынан үлгі-өнеге ала білу маңызды.
Сондай ғұламалардың бірі әрі бірегейі,қысқа да жарқын ғұмырын ағартушылық іске арнаған қазақтың аса көрнектіағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері ЫбырайАлтынсариннің туғанына 2021 жылдың 4 қарашасында 180 жыл толады. Біздіңұсыныс-тілегіміз – қазақтың ұлы ағартушысы өзінің биік деңгейінде ұлықталуытиіс.
Әрине, біздің ой-пікір, көзқарастарымызтиісті орындар тарапынан қолдау табуы басқа әңгіме. Дей тұрсақ та,ескерткіштерді бір-біріне көп ұқсатпай, әрқайсысының ерекшелігін тап басуғабаса көңіл бөлінгені жөн. Сонда есіл еңбек еш кетпей, есімізде жүрер еді.
Алмат АҚҚОШҚАРОВ,
Мақаш ҚАМАЛИДЕНОВ
Тараз қаласы