Ескерту хат

Құрметті Күнсұлу Түрікпенқызы, Сіздің орындауыңыздағы, Мөлдір Айтбайдың сөзіне жазылған «Мен сүйсем сүйемін» әнін (бұрынғы текстпен), бұдан былай еш жерде орындамауыңызды қатаң талап етемін.
Бұған дейінгі жарияланған барша телеарна, радио эфирлерінен, сайттардан, платформалардан түгел алынып тасталуын сұраймын!
Талаптарым орындалмаған жағдайда заң шеңберінде әрекет етіп, өз сөзімнің құқығын қорғайтын боламын.
Осы күннен бастап кез-келген жерде сіздің музыкаңыз, менің «Сүйемін» өлеңімнің сөзімен айтылғандығы үшін, сізге де, шараны ұйымдастырушыға да заң жүзінде жаза қолданатын боламын!
Бұл хат апта ішінде жүзеге аспайтын болса, қажетті органдарға шағымданатындығым туралы ескертемін!
Мөлдір Айтбай
Хаттың жазылған күні: 18.03.2022ж