Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:47

Эстония Ресейден табиғи газ сатып алуға толық тыйым салды

газ
Фото: 365info

Эстония үкіметі бейсенбі күні өткен отырыста Ресейден табиғи газды сатып алу мен импорттауға толық тыйым салу туралы шешім қабылдады.

Сыртқы істер министрі Маргус Цахкнаның түсіндіруінше, қазірге дейін Ресейден сұйытылған табиғи газды тек ұлттық тарату жүйесінде пайдаланылмаса ғана сатып алуға рұқсат етіліп келген. Ал жаңа түзетулер күшіне енгеннен кейін мұндай газға да толық тыйым салынады.

«Жаңа ереже 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Бұл нарық қатысушыларына өзгерістермен танысып, өз қызметін қайта құруға уақыт береді», – деді министр.

Беларуське де қатысты тыйым

Маргус Цахкнаның айтуынша, Беларусь Ресейдің әрекеттерін қолдап отырғандықтан, бұл шектеулер оған да қолданылатын болады.

Эстония Ресей газынан бас тарту туралы шешімді алғаш рет 2022 жылдың сәуірінде қабылдаған. Үкіметтің хабарлауынша, импорт көлемі аз болғандықтан, жаңа шектеулер елдің экономикасы мен іскерлік ортасына елеулі әсер етпейді.

Тегтер: