Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:30, 07 Тамыз 2023

Еурокубок: Қазақстандық командалар іріктеу турнирінің плей-офф кезеңінде кіммен кездеседі

None
None

7 тамызда Ньон қаласында (Швейцария) Еурокубок ойындарына іріктеу турнирінің плей-офф кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті.

Чемпиондар лигасы:

Бұр турнирге Қазақстан атынан қатысқан «Астана» екінші іріктеу кезеңінде Загребтің «Динамосынан» жеңіліп (6:0), Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңіне түсті.  

Еуропа лигасы:

«Астана» Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Лудогорецпен» (Разград, Болгария) кездеседі. Алғашқы ойын 8 тамыз күні Астанада, қарымта ойын 17 тамызда Разградта (Болгария) өтеді.

Егер елордалық команда бұл жұпта жеңіске жетсе, нидерландылық «Аякспен» ойнайды.

Ал егер «Астана» болгариялық командадан өте алмаса, Конференция лигасының плей-ооф кезеңінде «Валмиера» (Латвия) — «Партизани» (Албания) жұбының жеңілгенімен кездеседі. 

Конференция лигасы:

Бұл турнирде Қазақстан атынан екі команда - «Ақтөбе» мен «Тобыл» бақ сынап жатыр.

Үшінші айналымда «Ақтөбе» румыниялық «Сепсимен», ал «Тобыл» «Дерри Ситимен» (Ирландия) кездеседі.

Үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойындар 10 тамызда, ал қарымта кездесулер 17 тамызда өтеді.

Жеребе қорытындысы бойынша, «Ақтөбе» плей-офф кезеңіне өтсе, «Будё-Глимт» (Норвегия)/«Пюник» (Армения) жұбының жеңімпазымен кездеседі. 

Ал «Тобыл» – «Дерри Сити» жұбының жеңімпазы плей-оффта «Виктория Пльзень» (Чехия)/«Гзира Юнайтед» (Мальта) текетіресінің жеңімпазымен ойнайды. 

Тегтер: