Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
19:00, 24 Шілде 2023

Еурокубок: Қазақстандық командалардың қарсыластары анықталды

None
None

24 шілде Ньон қаласында (Швейцария) Еурокубок ойындарының үшінші іріктеу кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті.

Чемпиондар лигасы:

Алдымен Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды. Бұр турнирге Қазақстан атынан «Астана» қатысып жатыр. 

Екінші турда елордалық «Астана» Загребтің «Динамосымен» кездеседі. Алғашқы ойын шілденің 25-інен 26-сына қараған түні Загребте (Хорватия), қарымта ойын 2 тамызда Астанада өтеді.

«Астана» — «Динамо» жұбының жеңімпазы үшінші айналымда АЕК (Греция) командасымен ойнайды. 

Еуропа лигасы:

Егер «Астана» хорватиялық командадан өте алмаса, Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде бақ сынайды, онда «Лудогорец» (Разград, Болгария) – «Олимпия» (Любляна, Словения) жұбының жеңілгенімен кездеседі. 

Айта кетейік, бірінші іріктеу кезеңінде «Астана» Грузияның «Динамосын» (Тбилиси) 3:2 (1:1, 2:1) жеңді. 

Конференция лигасы:

Бұл турнирде Қазақстан атынан үш команда - «Ақтөбе», «Ордабас» және «Тобыл» бақ сынап жатыр.

Екінші айналымда «Ордабасы» польшалық «Легиямен», «Ақтөбе» грузиялық «Торпедомен», ал «Тобыл» «Базельмен» (Швейцария) кездеседі.

Екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойындар 27 шілдеде, ал қарымта кездесулер 3 тамызда өтеді.

Жеребе қорытындысы бойынша, «Ақтөбе» үшінші іріктеу кезеңіне өтсе, ЦСКА София (Болгария) – «Сепси» (Румыния) жұбының жеңімпазымен кездеседі. 

Ал «Ордабасы» екінші айналымда сүрінбесе, «Аустрия» (Австрия) – «Борац» (Босния және Герцеговина) жұбының жеңімпазымен ойнайды. 

«Тобыл» — «Базель» жұбының жеңімпазы үшінші кезеңде «Дерри Сити» (Ирландия) – КуПС (Финляндия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Тегтер: