Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:15, 18 Тамыз 2023

Еурокубок: Жарыс жолында екі командамыз ғана қалды

None
None

17 тамызда Еуропа лигасы мен Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңінің қарымта ойындары өтті.

 

Бұл кезеңде Қазақстан атынан үш команда - «Астана», «Ақтөбе» және «Тобыл» бақ сынады. 

Еуропа лигасы:

Жарыс жолын Чемпиондар лигасынан бастаған «Астана» екінші іріктеу кезеңінде Загребтің «Динамосынан» жеңілген соң (6:0), Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңіне түскен. 

Елордалықтар мұнда «Лудогорецпен» (Разград, Болгария) кездесті. Алғашқы ойында өз алаңында 2:1 есебімен жеңгенімен, кеше Разградта қарсыласынан оңбай ұтылды. Есеп — 5:1.

Осылайша «Астана» Еуропа лигасынан шығып қалды. Енді Конференция лигасының плей-ооф кезеңінде «Партизани» (Албания) командасымен кездеседі. 

Еуропа лигасы. 3-іріктеу кезеңі. Бірінші матч — 2:1

«Лудогорец» (Болгария) — «Астана» 5:1

Голдар: Текпетей 25, 49, Петровский 47, 58, Десподов 67 — Дарбо 29

Конференция лигасы:

Үшінші айналымда «Ақтөбе» румыниялық «Сепсимен» кездесті. Сырт алаңда өткен алғашқы ойын 1:1 есебімен тең аяқталған. Ал кеше Ақтөбеде өткен ойында алаң иелері масқара жеңіліске ұшырап, жарыс жолынан шығып қалды. 

Конференция лигасы. Үшінші іріктеу кезең. Бірінші матч — 1:1

«Ақтөбе» - «Сепси» (Румыния) 0:1 (0:0)

Гол: Паун 67

Қостанайлық «Тобыл» жеңісті жолын жалғастырып жатыр. Олар енді Конференция лигасы іріктеу турнирінің плей-офф кезеңінде бақ сынайды. Бұл кезеңге дейін қостанайлықтар үш команданы жарыс жолынан шығарып тастады. 

«Тобыл» үшінші айналымда «Дерри Ситимен» (Ирландия) кездескен. Бір апта бұрын Қостанайда өткен алғашқы ойында алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ал кеше «Дерри Сити» дәл осындай есеппен ұтты. Сөйтіп жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Мұнда қостанайлықтардың жолы болды. 

«Тобыл» плей-оффта «Виктория Пльзень» (Чехия) командасымен ойнайды. 

«Дерри Сити» (Дерри, Солтүстік Ирландия) – «Тобыл» (Қостанай, Қазақстан) – 1:0, 5:6 пен (1:0, 0:0, 0:0, 0:0)

Гол: Петчинг 15 (пенальтиден – 1:0)

Тегтер: