Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:29

ЕуроОдақ АҚШ тауарларына қарсы тарифтер жоспарын әзірлейді

АҚШ- ЕуроОдақ
Фото: РИА Новости

Еуропалық Одақ алдағы күндері АҚШ-тан келетін импортқа қарсы жауаптық баж салығын енгізу туралы алғашқы шешімді қабылдамақ.

 Оның жалпы құны 28 миллиард долларға дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Дүйсенбі күні кешке Еурокомиссия мүше елдерге қосымша салық салынатын АҚШ тауарларының тізімін ұсынды. Оған келесі өнімдер кіреді:

  • ет, жарма, шарап, ағаш өнімдері мен киім-кешек;

  • сондай-ақ, сағыз, тіске арналған жіп, шаңсорғыштар және дәретхана қағазы.

Бұл шаралар екі кезеңмен күшіне енеді: алғашқысы — 15 сәуірде, ал қалған бөлігі — мамыр айында іске қосылады.

Reuters мәліметінше, Брюссель мен Вашингтон арасындағы тарифтер жөніндегі келіссөздер әзірге нәтиже берген жоқ. ЕО-ның сауда өкілі Марош Шефчович америкалық әріптестерімен өткен екі сағаттық келіссөзді «ашық, бірақ күрделі» деп сипаттады. Оның айтуынша, АҚШ енгізіп отырған тарифтер негізсіз және экономика үшін қауіпті.

АҚШ – әлемдік сауда жүйесіне қысым көрсетіп жатыр

2 сәуірде АҚШ президенті Дональд Трамп көпшілікке жаңа сауда тарифтерін жария етті. Оның ішінде:

  • ЕуроОдақтан келетін тауарларға – 20%;

  • Ұлыбританияға – 10%;

  • Қазақстан – 27%;
  • Ал кейбір елдер үшін — 40% және одан жоғары тарифтер қарастырылған.

Бұл шешім көптеген елдерге экономикалық қауіп төндіріп отыр. АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент мәлімдегендей, 50-ден астам ел Ақ үйге тарифтерге қатысты келіссөздер жүргізу туралы өтініш жолдаған.

Қытай да қарымта жауап берді

АҚШ әрекеттеріне Қытай да үнсіз қалмады. Бейжің америкалық тауарларға 34% көлемінде қосымша салық енгізіп, кейбір сирек кездесетін металдарды экспорттауға шектеу қойды. Бұл шешім жаһандық технологиялық және өндірістік тізбектерге әсер етуі мүмкін.

Тегтер: