Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:58, 27 Қаңтар 2025

Еуроодақ елдері Ресейге қарсы санкцияларды ұзартуға келісті

1
Фото: Alexandros Michailidise/European Union

Венгрия «энергетикалық қауіпсіздік» кепілдігінің орнына Ресейге қарсы санкцияларды ұзартуға келісті.

Еуроодақ сыртқы істер министрлері Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге қарсы санкцияларды ұзарту туралы келісімге қол жеткізді. Бұл туралы 27 қаңтар, дүйсенбіде Еуропалық Одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Каджа Каллас мәлімдеді.

"Еуроодақ сыртқы істер министрлері Ресейге қарсы санкцияларды қайтадан ұзарту туралы жаңа ғана келісті. Бұл Мәскеуді соғысты қаржыландыру үшін кірістен айырады", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.