Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:38, 19 Ақпан 2025

Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялар пакетін мақұлдады

ЕуроОдақ
Фото: из открытых источников

Еуроодақ елшілері Украинаға басқыншылық жасаған Ресейге қарсы 16-санкция пакетін мақұлдады. 

Еуропа одағы елдерінің сыртқы істер министрлері бұл шешімді 20 ақпанда ресми түрде мақұлдап, санкция 24 ақпанда – Ресей әскерінің Украина жеріне басып кіргеніне үш жыл толғанына орай күшіне енеді деп отыр.

Халықаралық ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, жаңа шектеу шаралары Еуроодақ елдеріне ресейлік алюминий өнімдерін сатып алуға кезең-кезеңімен тыйым салады. Бұдан бөлек, Ресейден мұнай экспортына шектеу күшейеді деп отыр.

Бұған қоса, Ресейдің "көлеңкелі флоты" деп аталатын 73 танкер санкцияға ілігеді деп отыр, ақпаратқа қарағанда, олар мұнай саудасында шектеулерді айналып өтуге қолданылады. "Қара тізімге" 13 банк қосылмақшы. Бұған дейін Ресейдің 15 банкі, соның ішінде "Уралсиб" және "Точка" деген банктеріне санкция салынуы мүмкін деген хабар шыққан.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, 48 жеке және 35 заңды тұлғаға санкция салынады.