Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:19

Еуроодақ Ресейге қарсы жаңа 20-шы санкциялар пакетін дайындап жатыр

Путин
Фото:

Еуропалық одақ 24 ақпанға қарай Ресейге қарсы 20-шы санкциялар пакетін жариялауы мүмкін.

Финляндия мен Швеция Еурокомиссияға Ресейге люкс санатындағы тауарлардың экспортын толық тоқтатуды ұсынған. Сонымен қатар ресейлік мұнай танкерлеріне қызмет көрсетуді шектеу және ЕО аумағына ресейлік тыңайтқыштар импортының көлемін азайту мәселесі талқыланып жатыр.

Қазіргі таңда құны 300 еуродан асатын люкс тауарларды Ресейге тікелей жеткізуге тыйым салынған. Дегенмен кейбір еуропалық брендтердің өнімдері Қытай мен Түркия сияқты үшінші елдер арқылы Ресей нарығына қайта жеткізіліп жатыр.

Жаңа санкциялар пакеті Ресей мен Украина арасындағы соғыс басталғанына төрт жыл толатын күні, яғни 24 ақпанда жариялануы мүмкін.