Еуроодақ Украина келіссөздеріне қатысуды талап етеді

Германия, Франция, Польша, Ұлыбритания, Испания, Италия, Еуроодақ Сыртқы істер қызметі және ЕО-ның бірлескен мәлімдемесінде Киевке қолдау көрсетуді жалғастыруға дайын екені айтылды.
«Украина мен Еуропа соғысты тоқтатуға қатысты кез келген келіссөздердің бір бөлігі болуы керек»- дейді Германия, Франция, Польша, Ұлыбритания, Испания, Италия сыртқы істер министрлері, сондай-ақ ЕО сыртқы саясат қызметі мен Еуропалық комиссия сәрсенбіде, 12 ақпанда АҚШ пен Ресей президенттері - Дональд Трамп пен Владимир Путиннің Украинаға қатысты телефон арқылы сөйлескенінен кейін жасаған бірлескен мәлімдемесінде.
«Украинадағы әділ және тұрақты бейбітшілік сенімді трансатлантикалық қауіпсіздіктің қажетті шарты болып табылады», - делінген құжатта. Еуропалық дипломаттар атап өткендей, олар «американдық одақтастармен» бұдан былайғы әрекеттер туралы келіссөздерді күтуде. Жалпы мақсат «Украинаны күшті позицияға көшіру» болуы керек», - деп есептейді мәлімдеме авторлары.