06:34, 12 Маусым 2020
Еуроодақ елдері 1 шілдеден бастап сыртқы шекараны ашады

Ал ішкі шекаралық бақылау 15 маусымнан бастап алынады.
Еурокомиссия Еуроодаққа мүше мемлекеттерге 15 маусымнан бастап ішкі шекараны, ал 1 шілдеден бастап сыртқы шекараны кезең-кезеңімен ашуды ұсынды, деп хабарлайды Еурокомиссияның ресми сайты.
«Еурокомиссия сапарға шығуды шектеуді алып тастауды ұсынып отырған жоқ. Шектеу мүше мемлекеттермен бірлесіп, таңдалған елдерде ғана алынуы тиіс. Кейбір мемлекеттерде эпидемиологиялық жағдай әлі де сын көтермейді», — деп жазылған сайттағы ақпаратта.
Сонымен қатар Еурокомиссия Еуроодаққа кіруге рұқсат берілетін
шетелдіктер санатын кеңейтуді ұсынды.
Ал ішкі шекаралық бақылау 15 маусымнан бастап алынады.