Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:51, 04 Қазан 2022

Еуроодақ Ресей алтынына санкция жариялады

None
None

Еуропалық одақтың тұрақты өкілдері Ресейге қарсы санкциялардың кезекті жиынтығын бекітті.

Оның ішіне алтынды үшінші елдер арқылы импорттауға тыйым салу да кіреді, деп хабарлайды  Еуроньюс.

Мәскеу оны тікелей Еуропалық Одаққа сатпайтынын мәлімдеп отыр. Бұл қымбат металл Ресейдің энергия көздерінен кейінгі екінші маңызды экспорты саналады. Батыс дереккөздерінің хабарлауынша, Кремль 2021 жылы алтын сатудан 15,5 миллиард еуро алған. Енді ЕО азаматтарына Ресейден шыққан алтынды жартылай фабрикаттар, сынықтар, сондай-ақ зергерлік бұйымдар түрінде сатып алуға тыйым салынады.

Еуроодақта «Сбербанктің» активтері қатып тұр. Шектеу шаралары Ресейдің Украинадағы соғыс қимылдарын қаржыландырмауға бағытталған. Ресейге жеткізуге тыйым салынған бірқатар қос мақсаттағы тауарлар мен технологиялар тізімі бекітілді. ЕО-ның қара тізіміне тағы елу ресейлік жеке және заңды тұлғалар енгізілді.

Еуропалық Одақ ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу үшін Ресейдің бұғатталған активтерінің бір бөлігін пайдалануға рұқсат берді. ЕО-ның Сыртқы істер жөніндегі Жоғарғы өкілі санкциялар ешкімнің азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтінін атап өтті.

Тегтер: